Балиева 7 жасар баланың анасы Астанаға келуден бас тарқанын мәлімдеді
ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО-да зорланды делінген 7 жасар бала анасын сағынып жүргенін айтты. Қазіргі уақытта анасы Алматыда жұмыс істеп жүр.
Фото: Табылды Кадырбеков
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
“Бала бір ай бойы анасын көрмеген. Ол анасын сағынып жүр, күнде ол туралы сұрайды. Біз бірнеше рет анасына хабарластық, Астанаға келуі үшін барлығын жасағымыз келеді, алайда әзірге бұл мүмкін болмай отыр”, — деді Балиева.
Оның айтуынша, ол әйелдің байланыс телефонын тек бірнеше күннен кейін ғана тапқан.
“Өзімді таныстырып, балаға көмектескіміз келетінін, оның қасында болу үшін Астанаға келе алатынын айттым. Алайда ол “менде ақша жоқ” деді. Біз одан “билетті сатып алып береміз, тек келсеңіз болды” деп өтіндік. Одан кейін онымен хабарласа алмадық, бұл соңғы әңгімеміз болды”, — деді Зағипа Балиева.
Дегенмен, баланың анасының ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіровқа жазған хаты желіде тарап кетті.
Хатта әйел баласының жалғыз ресми өкілі екенін және оның зорланғаны жөнінде мектеп басшылығы мен полицияға бірнеше рет арызданғанын жазған.
“Полиция анам мен баламды пойыздан түсіріп алған сәттен бастап олармен хабарласа алмай отырмын. Анам мен тәтемнің телефондары өшірулі. Мен оларға телефондарын өздеріне беруді талап етемін. 16 наурызда Астанада боламын. Мен келгенге дейін балама ешқандай іс жасалмауын талап етемін. Көмектесіңіздерші өтінемін!”, – деп жазған баланың анасы.
Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысыныңзорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл іске қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды.
Тағы оқыңыз:
Зағипа Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: Мектеп директорының кімнің туысы екенінде шаруам жоқ
Мұратхан Тоқмәдиге сот үкімі шықты
Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас