AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұратхан Тоқмәдиге сот үкімі шықты

Таразда банкир Тәтішевті өлтірді деген айып тағылған Мұратхан Тоқмәдиге сот үкімі шықты. Енді ол сот шешіміне 15 тәулік ішінде шағымдана алады.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сот шешімімен кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, судья Азамат Тілепов 15 тәулік ішінде шағымдануға болатынын ескертті.

Банкирдің өліміне қатысты іс  1 айға созылды. Сол уақыт ішінде 50 куәгер тыңдалды. Олардың ішінде шетелдік мамандар да бар. Тергеу барысында көптеген сынақ жасалды. Сот Тәтішевке атылған оқ тек автокөліктің артқы орындығынан жасалуы мүмкін деген тоқтамға келді. Іс 79 томды құрады.

Мұратхан Тоқмәди ҚР ҚК 96-бабы 2-тармағының (2) және 2-тармақтарында (1997 жылғы редакциясында) «алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, жалданып істеген, сондай-ақ жалданып, қарақшылық, опасыздық немесе бандитизмге ұшыраған адам өлтіру» бойынша айыпты деп танылды.

Бұдан бұрынғы сот отырысында, мемлекеттік айыптаушы Тоқмәдиге 12 жыл жаза кесуді және сот сараптамасына жұмсалған мемлекеттік бюджеттің 356 000 теңгесін қайтаруын сұраған еді. Ал, адам өлтірді деп айыпталған кәсіпкер өзінің соңғы сөзінде бес баласы барын ескеріп, мейлінше жеңіл жаза тағайындауды өтінген.

Тағы оқыңыз:

Зағипа Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: Мектеп директорының кімнің туысы екенінде шаруам жоқ

Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас

Қазақ журналисі: Халқым, шын уайымдап жатырсыздар ма, 7 жасар баланы ұмытып ертең басқа қайғы тауып аласыздар ғой

Шымкенттік әйел журналист ауыл имамын жалаңаштап суретке түсіріп, ішімдік ішкізген деп айыпталып жатыр

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр