Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыма анасының көз жұмғанын қалай түсіндірерімді білмеймін": Алматы облысында опат болған әйелдің жары оқиға жайлы

Алматы облысында адам өліміне әкеліп соққан жол апатында қаза тапқандардың туыстары жол-көлік оқиғасына кінәлі адам жазадан құтылып кетеді ме деп қорқады. Жол талғамайтын көліктің тізгінінде студент отырған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан қарсы жақ беттегі көліктің ішінде болған жүргізуші мен жолаушы сол жерде қайтыс болды. Қазір оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Бірақ қазір ол бостандықта, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көлік апатына басты себепкер Ернар Тәжіковтің жасы небәрі 23 жаста көрінеді. Ол Семейден Алматыға інісі мен қарындасына көмектесу үшін келген. Олардың ата-аналары да, ертеректе жол апатынан қайтыс болған. 

Жас жігіттің көлігінде 27 жастағы Айдана Серікбаева болған. Ол жұмыстан қайтып келе жатқан кезінде үйіне бар болғаны 5 шақырым қалғанда қаза тауыпты. Марқұм екінші сәбиін күтіп жүрген еді. Енді күйеуі бір аптадан бері анасын сұрап жүрген қызына не айтарын білмей іштен тынады. 

"Қызым тіпті анасының қайтыс болғанын түсінбейді де. Мен оған мұның барлығын қалай жеткізерімді білмеймін", - дейді марқұмның күйеуі Мақсат Серікбаев. 



Құрбан болғандардың отбасылары оқуға туралы өз нұсқаларын ұсынады. Олардың ойынша, жол талғамайтын Land Cruiser көлігін айдаған жас жігіт тас жолда ақ Camry-мен жарыс ұйымдастырған. Бейнебақылау камералары апат болғаннан кейін қалай ақ машинаның артқа бұрылып, апат орнына қарай жүрген сәтін жазып алған. Қысқа әңгімеден кейін Land Cruiser жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетеді. Туыстары кінәлі жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады. Ол қамауға алынғаннан кейін көп ұзамай босатылды. Осы оқиғадан кейін күдіктінің туыстарының ешқайсысы зардап шеккендермен байланысқа шықпаған. 

"Егер олар жерлеу рәсімінен бұрын келіп, кешірім сұраса, мен кешірер едім, маған олардың ақшалары қажет емес. Бірақ олардың келетін түрі жоқ, міне ол оқиғадан бері бір апта өтті, мен оларды кешіруді ойламаймын да, бұл істі соңына дейін апарамын", - деп қосты марқұмның жары.

Күдікті - студент. Жәбірленуші тарап жігіттің тіпті жүргізуші куәлігі болмағанын алға тартады. 

Еске салсақ, бұған дейін 18 жастағы алматылық Toyota Land Cruiser көлігімен 2 адамның өліміне себеп болғаны айтылған еді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Шілде, 2021 14:38
Талқылау