Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ақтөбеде ұсталды

Ақтөбеде мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді ұстау операциясы жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Timeskz.kz-ке сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеуден жалтарған. Іздеуде жүрген адам бұрын азаматтардың жеке мүлкін ұрлаумен және алаяқтықпен байланысты бірқатар қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскер 101-атқыштар бригадасы көшесіндегі бес қабатты ғимараттың үшінші қабатында орналасқан жалдамалы пәтерде жасырынғаны анықталды.

Ер адам полиция қызметкерлерінің ерікті түрде берілу талаптарын орындамады. Пәтердің есігін ашу мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, ұстауға полицияның арнайы жасағының қызметкерлері тартылды. 

Қылмыскерді ұстау үшін арнайы жасақ үйге альпинистік техниканың көмегімен қабырға бойымен үйдің шатырынан түсіп терезеге кірген. Бір минуттан кейін қылмыскер қамауға алынды.

Алдын ала жауап алғаннан кейін оны Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады.

Талқылау