Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі: Тоқаевтың өкімі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына тағы бір міндетті пән қосуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз мектептерде жаңа пән - балалардың экологиялық сауатын арттыратын сабақты енгізуміз қажет", - деді Тоқаев.
Бұған қоса ол еліміздегі экология мәселесі шешілмей тұрғанын ескертті.
"Елдімекендерге жақын аймақтардағы қоқыс мәселесі шешілмей тұр. Рейд жұмыстары, айыппұл салу сынды шаралар тек қысқа мерзімді нәтиже көрсетуде. Экология министрлігі жүйелі түрде жұмысқа кірісуі қажет", - деді президент.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"