Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл жабайылық: Тоқаев итбалықтарды ұрғандарға қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жануарларды ұрып-соғу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жақында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында балалар итбалықтарды таспен және таяқпен ұрды. Бұл жабайылық. Балаларды кінәлаудың қажеті жоқ, өйткені мектепте және үйде ешкім бұлай жасауға болмайтынын түсіндірмеген. Мен иттерді ұрып-соғып, қылқындыратын үйреншікті жағдайларды айтып та жатқан жоқпын. Менің ойымша министр Аймағамбетов осы мәселеге қатысты ойлануы керек"

Оқиға 6 шілде күні кешке Құрық ауылындағы жағажайда болған. Куәгердің ақпараты бойынша, бір топ ересек адамдар итбалықты жағадан байқап, оны таяқпен және тастармен ұра бастаған.

"Бұл тек көңіл көтеру, суретке түсіру және балаларға итбалықты көрсету үшін жасалды. Содан кейін оны қайтадан теңізге лақтырды. Ол тірі қалды ма, өкінішке қарай, мен оны білмеймін", - деді оқиға куәгері.


Кейіннен Ақтаудағы жағажайдағы итбалықтарды таяқпен ұрған демалушылар жануарларға қатыгездік үшін жауапқа тартылатыны белгілі болды.

Бұл Маңғыстауда соңғы уақытта орын алған екінші оқиға. Бұған дейін Ақтаудағы жағалауда демалушылар итбалықтың баласына тас лақтырғаны белгілі болған.

Талқылау