Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа көңіл айттыБұл туралы мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. АҚШ президенті Дональд Трампқа орын алған оқиғаға байланысты қайғырып көңіл айтатынын жазды Қазақстан президенті. Тоқаев АҚШ-тағы қайғылы оқиғаға еліміздің ортақтасатынын жеткізген.

"Д.Трампқа көптеген жазықсыз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту хатын жолдадым: Америка Құрама Штаттары үшін осы қайғылы сәтте Қазақстан халқы Америка халқының қайғысына ортақтасады. Сізге шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, Президент мырза", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та белгісіз біреулер Техас штатының батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығына келушілерге оқ жаудырды. FOX 5 DC телеарнасының мәліметтеріне сәйкес, Эль-Пасодағы атыс салдарынан зардап шеккендердің саны 20 адамнан кем емес. Алайда дәл осы жағдайға байланысты әртүрлі деректер бар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаза болғандар саны 20 адамға жеткен. Бұдан бөлек, 24 адам оның ішінде екеуі бала, емханада ауыр жағдайда жатыр.

 

Талқылау