Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс палатасы тағы бір депутатпен толықты

Мәжіліс отырысында Фуас Сатыбаев депутат ретінде ант қабылдады. Ол “Ақ жол” партиясынан сайланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фуат Сатыбаев

Пленарлық отырыс аясында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Фуас Сатыбаевты таныстырды. 

“Бізге жаңа депутат қосылды. “Ақ ол” партиясындағы сайлау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәжіліс депутаты Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы тіркелді”, – деді ол.

Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", – деді Фуат Сатыбаев.

Талқылау