Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 3 жасар балаға әлдекім зорлық жасаған

Ақтөбе қаласының тұрғыны баласына жыныстық зорлық жасалды деген күдікпен ауруханаға жүгінді. Қазір осы деректі полиция тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні қала тұрғыны баласын ауруханаға апарып, жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғына тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді. Полицияның жедел-тергеу тобы ауруханаға дереу жетті. Қылмыстық іс тіркеліп, сараптамалар тағайындалып, жүргізілді.

"Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Оқиғаның барлық мән-жайларын мұқият тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі. Тергеу полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында", – деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Еске салсақ, Қазақстандық әйел отбасындағы зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды.

Талқылау