Мәжіліс депутаттары балабақшаларда 7 мың бос орын бар екенін анықтады
Министрдің жасаған баяндамасындағы сандарды салыстырған мәжіліс депутаттары еліміздегі балабақшаларда 7 мың бос орын тұрғанын анықтап берді. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Фото: Pandaland.kz
“Мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың жалпы саны – 814 140. Ал берілген есепте 807 170 адамның қамтылғаны айтылған. Көрсетілген цифрдан 6970 орынға аз. Қазіргі таңда 160 мыңнан астам бала мектепке дейінгі даярлық мекемелерінен орын таппай жүргенде мына 7 мың орын неге бос тұр?”, – деп сауал қойды депутат Наталья Жұмаділдаева.
Депутат сондай-ақ, неліктен мұндай айырмашылық орын алып отырғанын да сұрады.
“Бұл не сонда, есеп берудегі қателік пе әлде кезекке қою туралы мемлекеттік қызмет есеп жүйесіндегі шығын ба?”, – деді ол.
Алайда білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева бұл сауалды жауапсыз қалдырды. Тек балаларды балабақшамен 2019 жылы толық қамтитынын атап өтті.
Депутаттар балалардың балабақшаға кезекке тұру мәселесін электронды форматта шешу керек деп отыр. Биылғы жылдан бастап пилоттық жоба аясында Астана, Қарағанды, Алматы, Қостанай тұрғындары балаларын онлайн арқылы кезекке орналастыра алады. Халық қалаулылары мұндай жүйені жалпы ел бойынша енгізу керек дейді.
Оқи отырыңыз:
Алматыда балалар үйінің басшылары тәрбиеленушілеріне діни ағым туралы фильм көрсетіп, уағыз айтады
Үндістанға қыдырып барған қарағандылық жігіт жадынан айырылып қалды
Шымкенттік өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден балаларды құтқарып шықты
Шыңғыс ханның моласын “тапқандар” Назарбаевтың рұқсатын күтіп отыр

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
