Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар үйінің басшылары тәрбиеленушілеріне діни ағым туралы фильм көрсетіп, уағыз айтады

Алматыдағы балалар үйінен шу шықты. Патронаттық ата-ана неге алаңдаулы? Жетім балаларды тауға апарғандардың негізгі мақсаты не? Өзінің өтінішімен, әрі кәмелет жасқа толмағандықтан жүзін жабуымызды өтініп сұхбат берген бұл бойжеткен, балалар үйіндегі қысымнан шаршағанын айтады.

1946897

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өзі секілді ата-ана қамқорлығынан айырылған өзге де тағдырластарына №1 балалар үйі қызметкерлері қол көтерді дейді. Сөздерінің дәлелі ретінде мына суреттерді де ұсынып отыр.

“Маған балалар үйінің басшысы қол көтерді. Кәдімгідей ол екеуміз төбелестік. Мен өзімді қорғадым, сол кезде қолына түскен тырнақ іздерін дәлел ретінде сараптама жасатып, сені қаматам деді”, – Балалар үйінің тәрбиеленушісі.

Өзін заңгермін деп таныстырған Дина Тылевич, қыздардың жағдайынан хабардар. Бірақ ұрып-соғу дерегін дәлелдеу қиын. Өйткені, оны дәлелдемек түгілі, шағымын өткізер жауапты мекеме таппай жүр.

“Менің бармаған жерім жоқ, ешкім қабылдамайды. Алматыда біз іс те қозғай алмадық. Барлығы балалар айта береді дейді”, – дейді заңгер ина Тылевич.

1946897

Дәл осы Балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Асылбековтің қорғаушысы болған адвокат Айман Умарова да бұл іспен жақсы таныс. Өйткені, бұл жағдай Серікке жала жабылғанын дәлелдеу мақсатында сотқа түскен аппеляциялық шағым қанағаттандырылмаған күні кешкісін болған көрінеді. Бірақ балалар үйінің басшылығы, кешке болған жағдайға қатысты келесі күні таңертең бір топ тәрбиеленушіні көлікке тиеп, Бостандық АІІ бөліміне апарған, дейді. Ал, балалардың мекеме қызметкерлеріне қатысты шағымы бұл ғана емес екен.

1946897

“Үнемі ұрады дейді. Тіпті, балалардың айтуынша, балалар үйінің қызметкері Дмитриев Вячеслав деген баланың басын жарған деген ақпарат бар. Мен бұлардың бәрін тексере алмаймын. Бұл іске прокуратура араласуы қажет”, – дейді заңгер Айман Омарова.

Ал бұл кісі – Жәмилә Досқазы. Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі, кейін жасөспірімдер үйіне ауыстырылған Светлана Назарованың патронатты анасы. Светлананың анасы ретінде құқын заңдастырмағанымен, бұл қызды жеті жасынан бері бақылауына алған. Таяуда қызының түсініксіз жағдайда тауға барып келгеніне  алаңдап жүргенін айтады.  Айтуынша, Серік Асылбековке қатысты қылмыстық істе жәбірленуші ретінде танылған баланың патронатты әкесі сотталған жігіттің достарын өз көлігімен тауға апарған.

“Олардың баласын зорлайды. Ал ол зорлады деп күдікке ілінген баланың достарын тауға  апарады. Адамның миына сыймайды. Қызым,  мен түсінбедім деп едім, Мама сен уайымдама, мен барайын, бұған дейін де тауға барғанбыз, қызық болады деді. Артынан білгенім, жол бойы, барғаннан кейін де апарушылар балаларға түсініксіз дін тақырыбында әңгімелер айтқан”, – дейді патронатты ана Жәмила Досқазы.

Жәмиләнің күдігін күшейткен жағдайды Балалар үйінің түлегі, қазір Жасөспірімдер үйінің жатақханасында тұрып жатқан Қайыржан Төлеков те растап отыр. Оның айтуынша, алғаш рет тауға Балалар үйінің қабырғасында жүргенде барған. Ал, биыл жазда екі мәрте ағылшын тілін үйрету курсының аясында бірнеше баланы тауға апарғанын айтады. Бірақ онда ағылшын тілі үш сағат қана оқытылған. Ал, жасөспірімдерге  өздеріне түсініксіз діни ағым туралы фильм көрсетіліп, уағыз тыңдатылған көрінеді.

“Нақты мысалы американецтермен барғанда, олар өздерінің историяларын айтты. Қалай дінге келді деп. Біз  соны тыңдау керек болғанбыз. Және сұрақ қою керек болғанбыз”, – дейді Балалар үйінің түлегі Қайыржан Төлеков.

“Осы балалар үйінің балаларын Түркия еліне яхтада серуендетуге апарған. Ол кезде Серікті қамауға алған болатын. Мен балалардан  сонда қалай, не үшін балаларды ол жаққа апарады деп сұрадым. Шығарманы жақсы жазғандары үшін апарды”, – дейді патронатты ана Жәмила Досқазы.

Ал, №1 Балалар үйінің басшылығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шетелге шығарылғанын растап отыр. Онда Австрия елінің ұйымдастыруымен балалар халықаралық жаздық лагерьлерге тәрбиешілерімен бірге барды дейді. Ал, балалар үйінің бірде-бір баласы тауға ағылшын тілін үйренуге барған жоқ деп отыр. Сондай-ақ директор ханым, мекеме қызметкерлерінен таяқ жедік деген қыздардың пікірін де жоққа шығарды.

“Ішкі істер органдары бар, сол жерге шағымданып, айтуға болады. Бірақ осы уақытқа дейін не мен, не балалар үйі тарапынан ондай шағымдар болған емес”, – дейді Балалар үйінің директоры Ақмарал Шатаева.

Патронатты ана Жәмилә да, Серік Асылбековтың қорғаушысы Айман Умарова да, Серікке қатысты қылмыстық іс – елдегі балалар үйлерінің жабылуына мүдделі топтың әрекеті деп біледі. Ал, депутат Азат Перуашев, елдегі балалар үйлерін жабуға қарсы.

“Үйсіз-күйсіз қалған кезде не істеу керек. Яғни әр баланы үкімет жеке-жеке қадағалауына алу керек деп ойлайсыз ғой? – Әр қазақ менің жалғызым. Бұл балалар да жетім балалар емес, өзіміздің балаларымыз”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Азат Преуашев.

Расында да ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – мемлекеттің панасына алынған. Олардың әрқайсысының қауіпсіздігіне мемлекет жауапты. Ендеше мемлекетке қарайтын жауапты мекемелер “балалар құқымыз бұзылды” дегенде неге үнсіз? Неге олардың құқын қорғағысы келген заңгерлердің шағымына ешкім құлақ салмайды? Тауға барған балалар ше? Телефон апаруға тыйым салынып, бір-бірімен рация құрылғысы арқылы байланысқа шығып, шет тілінде тілдесіп, Исаны ұлықтап жүргендердің негізгі көздегені не? Жасөспірімдер жатақханасының тұрғыны Қайыржан Төлеков өздерін тауда жеті түнде тұрғызып алып, дұға жасатты дейді. Не үшін? Кімге сыйынып жүр? Бұл істе түсініксіз жағдайлар тым көп. Сондықтан мәселені құзырлы органдардың назарына қалдырамыз.

Жіберіп алмаңыз:

Жаманқұловтың сыбайластары ақшаны қалай жымқырғандарын айтып берді

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды

Талқылау