Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қарттар үйі өртенді: қаза тапқандар бар

Мәскеуде қарттар үйі өртеніп, төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

"Өртті сөндіру кезінде 50-ге жуық адам құтқарылды.Қазір оларды дәрігерлер тексеруде. Өкінішке орай, төрт адам қаза болды", - делінген ресми хабарламада. 

Оқиға 9 сәуірге қараған түні орын алған. Болжам бойынша, от қазандық орналасқан бірінші қабатта пайда болған. 

Куәгерлер қарттар үйіндегі болған қарияларды шығаруға көмектескен. 

Ярослав Мельников есімді Мәскеу тұрғынының сөзінше, мекемедегі қарттар көмекке шақырған. 

"Адамдарды көтеріп шығара бастадық. Мүгедектер арбасын, жылы көрпелер мен киімдерді тасып, барынша көмектестік. Нағыз аласапыран болды", - дейді ер азамат. 

Тілсіз жау төрт адамның өмірін қиыпты, тағы 10 адам түрлі жарақаттар алған. Төтенше жағдай қызметкерлері 50 адамды құтқарыпты. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

 



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр