Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда күзетшілер 10 жасар қызды жол жиегіне сүйреп бара жатқан ер адамды ұстады

Маңғыстау облысы, Атамекен ауылында «Сункар Секьюрити» күзет фирмасының қызметкерлері қыздың жағасынан тартып сүйреп алып кетпек болған ер адамды ұстады. Ұсталған адам Мұнайлы аудандық ішкі істер басқармасына берілген.

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Оқиға 10 қазан күні шамамен 12:00 кезінде болыпты. Күзетшілер күдікті ер адамға дүкен ішінде тұрғанда назар аударған.

“Ер адам мас күйде болды. Ол 10 жастағы қызды жағасынан және рюкзагынан тартып жолдың шетіне сүйрей жөнелді. Қыз айғайлап көмек шақырды. Біз барып “Бұл сенің әкең бе?” деп сұрадық. Ол жоқ деп жауап берді. Сосын ер адамнан қызды қайда алып бара жатқанын сұрадық. Ол қызды үйіне апарғысы келетінін айтты. Осы кезде қызға әкесі қоңырау шалып оны күтіп алуға келіп тұрғанын айтып жатты. Кейін әкесінің де әлгі ер адамды білмейтіні анықталды. Біз күдікті ер адамды ұстап, полицияға табыстадық”, – дейді күзетшілер.

Ұсталған ер адам бұған дейін де ұрлық пен тонаушылық әрекеттері үшін тоғыз рет сотты болған.

“Ұстау кезінде оның қалтасынан “Трамадол” таблеткасы табылды. Және қанынан да есірткі заттарының белгісі байқалған”, – деді күзет агенттігінің директоры.

Бұл агенттіктің өз әлеуметтік жауапкершілігін мінсіз орындаған бірінші әрекеті емес. Бұған дейін күзетшілер тонаушылықтың алдын алған екен.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде медициналық университеттің студенті оқу орнында көз жұмды

«Тарт қолыңды Торғайдан»: Белсенділер зымыран бөліктері құлайтын жердің бөлінуіне қарсы шықты

Дәрігер уақыты жоқ екенін айтты: Ата-анасы бір жасар қыздың өліміне дәрігерді кінәлап отыр

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты (видео)

Талқылау