Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты (видео)

Бейсенбі, 12 Қазан , 2017 10:21

Белгілі кәсіпкер Мұратан Тоқмәдидің әйелі Айымбетова-Тоқмәди жабық сот отырысында кәсіпкерге жаза тағайындалғанын айтты.

«Бүгін туған күнімді алғаш рет достарым мен жақындарымның ортасында тойлап жатқаным жоқ. Қазір Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясындамын. Кеше «Ашық диалог» қорының арқасында Мұратханның босатылуына қатысты европалық депутаттар арасында рекордтты түрде қол жинадық. Кеше жабық сот отырысында күйеуімді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Және жасамаған қылмысы үшін 700 мың доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Мен бостандық үшін, өмір үшін, күйеуімнің адал аты үшін күресе берем. Қолдау білдіргендеріңізге рахмет!», – деп жазады Айымбетова.

Еске салсақ, күштік құрылым өкілдері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Кейін оның қызы да оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.

Жәмила Айымбетова бұған дейін де ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен күйеуінің ісіне байланысты үндеу жолдаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде медициналық университеттің студенті оқу орнында көз жұмды

«Тарт қолыңды Торғайдан»: Белсенділер зымыран бөліктері құлайтын жердің бөлінуіне қарсы шықты

Дәрігер уақыты жоқ екенін айтты: Ата-анасы бір жасар қыздың өліміне дәрігерді кінәлап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар