«Тарт қолыңды Торғайдан»: Белсенділер зымыран бөліктері құлайтын жердің бөлінуіне қарсы шықты

Сәрсенбі, 11 Қазан , 2017 22:35

«Тарт қолыңды Торғайдан!». Астанада бір топ белсенді Байқоңырдан ұшқан зымыран бөлшектері құлайтын жердің бөлінуіне қарсы өз наразылықтарын осылай білдірді. Белсенділер Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрі Бейбіт Атамқұловтың атына хат жолдады.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл азаматтар «санаулы адамның пікіріне сүйеніп, барлық халық бас шұлғып, мақұлдады деуге болмайды» деп отыр. Белсенділер зымыран бөліктері құлайтын жерге жақын орналасқан ауылдарға көпір салып, жедел жәрдем бөлеміз дегенді – жылаған баланы тәтті беріп алдауға теңейді. Бұған дейін де зымыран бөлшектері құлап келген Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылының тумалары мұндай шешімнің зияны болмаса, ешқандай пайдасын көрген емеспіз дейді.

«Ақкөл деген ашылайын деп жатқан жер – Ахмет Байтұрсыновтың туған ауылы. Сол 152 миллион теңгені Торғайдың азаматтары біз жинап үкіметке берейік керек болса. Біз берейік. Біздің тұнығымызды лайламасын!» – дейді белсенділерді бірі Әділет Ыбырай.

«Бұл 150 миллион теңге деген – адамның ағзасын сатқанмен бірдей. Бауырын, бүйрегін сататын адамдар бар ғой? Сол сияқты біз Торғайдың жүрегін сатып жібергелі отырмыз. Солай деп ойлаймын. Қарсымын!» – дейді белсенділерді бірі Дәулет Серікбай.

Жіберіп алмаңыз:

Үкімет отан қорғаушыларды жаппай үймен қамтымақ

Ақтөбеде баласын қорғаймын деп иттің шабуылына тап болған ер адам құтырып қайтыс болды

Салафизмнің ықпалына түскен қазақ әйел екі баласын алып күйеуін тастап кеткен

Бір жасынан бері салмақ қоспаған сәби жұртты шошытты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар