Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде медициналық университеттің студенті оқу орнында көз жұмды

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің 2 курс студенті Есет Нұрдәулет оқу орнында қаза болды. Ол жалпы медицина факультетінде білім алған.

Медициналық университеттің 60 жылдығына арналған конференция кезінде 2-курс студенті қаза болды. Демікпе дертіне шалдыққан Есет Нұрдәулет сол күні мерекелік шараға қатысып, хорда ән айтуы тиіс болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әлеуметтік желідегі «Я студент — ЗКГМУ» парақшасында бейтаныс сол күнгі оқиғаны баяндаған. Хатта медициналық университет ішінде жедел жәрдем бригадасы болғаны, бірақ оларда дефибриллятор (жүрек аритмиясына қарсы электронды құрылғы) болмағанын жазған. Бар болғаны 15 минутта Есет Нұрдәулет қаза болған.

Жазба авторы бұл шындықты бәрі білуі керек деп санайды.

Тағы да оқыңыз:

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

«Тарт қолыңды Торғайдан»: Белсенділер зымыран бөліктері құлайтын жердің бөлінуіне қарсы шықты

Дәрігер уақыты жоқ екенін айтты: Ата-анасы бір жасар қыздың өліміне дәрігерді кінәлап отыр

Талқылау