Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік бірге: Бақытты ғұмыр кешкен сиам егіздері (фото)

Сиам егіздер дүниеге келсе, үлкендер “Ақыр заман келе жатыр” деп айтатын. Мұнымен қатар, оларды өлтіріп, құдайға құрбандыққа шалатын. Кейінірек сиам егіздер тек циркте өмір сүріп, жұрттың назарын ерекше дене бітімдерімен аулап жүрді. Десе де, арасында бақытты ғұмыр кешіп үлгерген егіздер бар.

Бұл туралы best-fan.ru басылымы жазды.

Чанг пен Энг Банкер

Олар 1811 жылы 11 мамырда Сиамда дүниеге келген. Қазіргі Таиланд территориясынды. “Сиам егіздері” деген атау осы ағайындылардың арқасында пайда болған. Сиам патшасы оларды бірден өлтіруге бұйрық берген. Бірақ, олардың анасы бұл бұйрыққа қарсы шығып, балаларын аман сақтап қалған.

Ағайындылардың жүрегі ортақ болған соң, олардың тәнін ажырату мүмкін болмаған. Сол себепті, әрдайым бірге жүріп күнелткен. Өскен шақтарында оларды бизнесмен Роберт Хантер байқап қалып, циркте өнер көрсетуді ұсынған. Осылайша олар 21 жастарына дейін Ұлыбритания мен АҚШ-та гәстрөлдік сапарда жүреді. Көп ұзамай ең бай адамдардың қатарына қосылады.

Роза мен Жозефа Блажек

Апалы-сіңілілер 1878 жылы Чехияда дүниеге келген. Жамбас сүйектері ортақ болғандықтан, дәрігерлер олардың тәнін ажырата алмаған. Қатты шошынған ата-анасы бастапқыда Роза мен Жозефаны тамақтандыруды жөн көрген екен. Аштықтан өліп қалар деген үмітпен жүрген. Олардың не себепті бұл ойларынан айнып қалғандары белгісіз.

Қыздарын өсіріп, оларға музыкалық білім беріп, би билеуді үйретеді. Мұнымен қатар, қыздар скрипкада ойнаған. Сахнада өнер көрсетіп жүріп Роза бір жігітке ғашық болады. Оның таңдауы неміс офицеріне түскен. Сол офицерге бола Роза мен Жозефа ренжісіп қала жаздаған. Екеуінің жыныс мүшелері ортақ болғандықтан, бастапқыда жыныстық қатынас туралы әңгіме де болмаған. Ақырында Жозефа әпкесіне сүйіктісімен төсектес болуға рұқсат береді. Осыдан кейін Роза сәби босанып, оны екеуі бірге асырайды.

Милли мен Кристина Маккой

Қара нәсілді апалы-сіңілілер түрлі қиындықтан өтуге мәжбүр болады. Егіздер Солтүстік Калифорнияда құлдар отбасында дүниеге келген. Екеуіне 8 ай толған кезде иелері оларды анасымен бірге қосып сатып жібереді. Көп ұзамай жаңа иелері оларды циркке жұмысқа орналастырады. Сол жерден қыздарды белгісіз біреулер алып қашып кетеді. Тек үш жылдан кейін олар Англиядан табылып, АҚШ-қа қайтарылған.

Иелері оларды ән айтып үйретеді. Екеуі жұртқа жаңа қырларынан танылады. Азамат соғысынан кейін құл асырауға тыйым салынған болатын. Милли мен Кристина ақыры бостандық алып, бай-бағландардың қатарына қосылады. Екеуі 61 жастарында Колумбус қаласындағы үйлерінде қайтыс болған.

Эбигейл мен Бриттани Хенсел

Бұл қыздар басқа егіздерге қарағанда ерекше жаратылған: екі бас, бір жамбас, екі қол, екі аяқ, үш өкпе. Әрқайсысының өз жүрегі мен асқазаны бар. Дицефал диагнозы қойылған қыздардың әрқайсысы дене қимылын бақылай алады.

Екеуі көлік айдап, суда жүзіп, жүгіре алады. Жастайларынан дәрігер болуды армандаған екен. Мұнымен қатар, қыздар “Математика пәнінің ұстазы” мамандығы бойынша ЖОО-да білім алған. Екеуі де жұмыс істегенімен, бір адамның жалақысын алады.


Жіберіп алмаңыз:

Анасы қызы мен өгей әкесінің көлікте немен айналысатындарын түсіне алмай жүр (видео)

Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады

26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады

Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды

Талқылау