Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды

Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық террористік ұйымның (ХТҰ) мүшесін ұстады.

Ұсталған А.А. 1994 жылы Қырғызстанда туған, деп хабарлайды Кабар.

Елдің ұлттық қауіпсіздік қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, лаңкес халықаралық террористік ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шаралары аясында ұсталған.

Күдікті 2012 жылы Сириядағы террористік лагерьлерінің бірінде арнайы дайындықтан өтіп, үкімет әскерлеріне қарсы қарулы қимылдарға қатысқаны анықталған. Ол халықаралық халықаралық террористік ұйым басшыларынан арнайы тапсырма күтіп жүрген.

Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ

Талқылау