Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Алматылық жүргізуші көлігіне зақым келтіргені үшін өз нөмірініне хабарласуын сұраған әйелге ризашылығын жеткізді.

Әйел жүргізуші байқаусызда өзге көлікті қағып кетіп, иесі жоқ болғандықтан өзінің телефон нөмірін жазып қалдырған.

«Мен таңғы 8:00-де көлігіңізді қағып кеттім. Көлігіңіздің дабылы ойнап кетті», – деп жазады ол.

«Бейтаныс жан, сізге құдай денсаулық берсін. Күйеуіңіз бай, балаларыңыз аман болсын. Өзіңіз секілді адал болып өссін. Отбасыңыз берекеге толсын. Елімізде тым болмағанда әрбір екінші адам сіз секілді адал болса ғой. Мен сізге хабарласпаймын. «Танк көлігіміз» үшін ол зақым түк емес. Көлігіңіз сүрінбесін», – деп жазады Алексей Курапов есімді көлік иесі желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары қашып кетпей жағдайын айтқан бейтаныс әйелге де, азаматтық танытқан көлік иесіне де риза болды.

«Қандай жақсы адамдар», «Жазбаңыз керемет екен», «Бейтаныс әйелге хабарласып, тағы да алғыс айтыңызшы» деп жазуда желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Талқылау