Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады

Ресейдің Северск қаласында 26 жастағы жігіт полиция қызметкерін сабап тастады.

Бұзақы тұрақты мекені жоқ болғандықтан әрі күнделікті тамақтану үшін түрмеге түсуді жөн көрген. Ол полиция бөлімшесіне келіп, кезекші полицейге қол жұмсайды.

Ол: «Капитан, осылай етуге тура келді» деп бетінен екі рет жұдырықпен ұрған. Кейіннен баспалдақпен көтеріліп, үстіне секірген.

Жас жігіт өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер одан жауап алып, ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып алды.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды

Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Талқылау