Мақсат Үсенов өзінің туған күнінде бостандыққа шықты
Бүгін Мақсат Үсенов 10 тәуліктік қамаудан кейін бостандыққа шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Фото: Sputnik ДАНИЯР ДАУТАЛИЕВ
Ол 16 маусым күні қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін айыпталып, он тәулік мерзімге қамалған еді.
Куәгерлердің айтуынша, Үсенов әуе сапары кезінде балағат сөздер айтып, қауіпсіздік жөніндегі экипаж талабын орындаудан бас тартып, жолаушылардың сапары үшін қолайсыз жағдай тудырған. Ол сот отырысында өз кінәсін толық емес, ішінара ғана мойындады.
Бұған дейін Үсеновтың 160 мың теңге көлемінде салықтық борышы бола тұра “Эйр Астана” ұшағымен Бангкокқа ұшып барғаны және әуе сапары кезінде шу тудырғаны жарияланған еді. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті таиландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.
Оның бүгін бостандыққа шығуы өзінің туған күнімен сәйкес келді. Бүгін Үсенов 28 жасқа толып отыр. Алайда Үсенов бостандыққа шығуын күтіп тұрған журналистермен сөйлесуден бас тартты.
Оқи отырыңыз:
Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Бердібек Сапарбаев əке-шешесінің несиесі мойындарына ілінген жетім балаларға көмектесуге уəде берді
Өзбекстан қазағы: Жағдайымыз жақсы, сондықтан Қазақстанға келуге асықпаймыз
Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, Қазақстан туын ұстап жүрді