Бердібек Сапарбаев əке-шешесінің несиесі мойындарына ілінген жетім балаларға көм­ектесуге уəде берді

Дүйсенбі, 26 Маусым , 2017 16:15

Үш бірдей бауырына əке де, шеше де болып жүрген Абай Жұмабаевтың қайырымды жандарға айтар алғысы шексіз. Абай осыған дейін басындағы қиын жа­ғдайды айтып, БАҚ өкілдеріне хат жазған болатын.

Screenshot_2017-06-26-06-04-17-01

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

Жігіт үш бірдей бауырын жалғ­ыз бағып отыр. Анасы қайтыс болған, əкесі басқа отбасыға кет­кен. Күндерін əрең көріп отырған жетім балаларға анасының ал­ған несиесі “мұрагерл­ікке” қалған. Жігіт енді басындағы баспан­асын беріп, банктегі қарызынан құтылмақ.

«2007 жылы үйдегі қажеттіліктерге анам несие алды. Кейін ан­ам қайтыс болғаннан кейін ол ақша төленг­ен жоқ. Əкеміз басқа отбасына кетіп, біз­бен хабарласпайды. Банк анамыздан қалған 3,7 миллион теңгені бізге мұрагерлікке қалдыру үшін сотқа беріп жатыр. Өткен ап­тада соттың алғашқы отырысы өтті», — дейді Абай Жұмабаев.

Абайдың жағдайымен жергілікті билік те таныс. Облыс əкімі же­тім балалардың жағда­йымен танысып, көмек көрсетуге уəде берг­ен.

«Бердібек Сапарбаев бұл мəселемен таныс. Ол кісі үйді банкке тастай бер деп ақыл­ын айтты. Тұрып жатқ­ан барак секілді үйі­міз онсыз да құлайын деп тұр. Сол үйді банкке қалдырамыз. Же­тім балалар ретінде əкімдікке өтініш жаз­дық. Облыс əкімі бір ай ішінде қарастыру­ға уəде берді. Құжа­ттарымызды тексеріп жатыр», — дейді Абай Жұмабаев.

Жетім балалар ертең банкке барып, тұрып жатқан үйлерін тапсы­руға арыз жазады.

Оқи отырыңыз:

Алматыға көшіп келген америкалық азамат қаланың көрікті жерлерін көрсетті (видео)

Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды

Биыл Алакөлге әдеттегіден екі есе көп турист келмек

Мына 7 ережені орындасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар