Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақсат Үсеновке қатысты сот үкімі шықты

ҚР инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті Мақсат Үсеновты жауапкершілікке тартатын болды.

2543506

Фото: Данияр Дауталиев

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды

“ҚР инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті Мақсат Үсеновты жауапкершілікке тартады. 2017 жылы 16 маусымда комитет қызметкерлері Мақсат Үсеновтың әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтырды. Ол ұшақта шу шығарып, ұшу сапарына қауіп төндіргені үшін айыпталып отыр”, – деп жазды министрліктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Фейсбуктағы парақшасында.

Мұндай жағдайда 200 айлық есептік көрсеткіш (453 800 теңге) айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамалатын. Көп ұзамай Алматы қалалық әкімшілік соты Үсеновтың ұшақтағы тәртіпсіздік әрекетіне байланысты оны 10 күнге қамауға алу туралы шешім қабылдағаны жария болды. Куәгерлердің айтуынша, Үсенов әуе сапары кезінде балағат сөздер айтып, қауіпсіздік жөніндегі экипаж талабын орындаудан бас тартып, жолаушылардың сапары үшін қолайсыз жағдай тудырған. Ол сот отырысында өз кінәсін толық емес, ішінара ғана мойындады.

Бұған дейін Үсеновтың 160 мың теңге көлемінде салықтық борышы бола тұра “Эйр Астана” ұшағымен Бангкокқа ұшып барғаны және әуе сапары кезінде шу тудырғаны жарияланған еді.

Оқи отырыңыз:

Есірткіге тәуелді жігіт отбасын құруды армандап жүргенін айтып қынжылды

Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмаған келіншекті ұрысып тастады

Жалғыздықтан шаршаған мүгедек жігіт өзіне өмірлік серік іздеп жүр

Талқылау