Есірткіге тәуелді жігіт отбасын құруды армандап жүргенін айтып қынжылды

Жұма, 16 Маусым , 2017 15:21

30 жастағы Александр Иванов студент кезінен бастап анашаға тәуелді болып қалған екен. Бүгінде құрылыста жұмыс істеп, тапқан-таянғанына анаша сатып алады. Десе де, ол бұл тәуелділігінен арылып, отбасын құруды армандап жүр.

14546449111843565

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Менің анам орыс, әкем қазақ. Студент кезімде достарыма еліктеп, бір-екі рет анашаның дәмін татып көрдім. Содан кейін маған дәмі ұнап қалды. Сол күннен бастап әлі күнге дейін тоқтай алмай келемін. Анам маған сан рет ескерту жасап ұрысқан болатын. Үйдегі бар жиһаз бен техниканы таратып, анаша сатып аламын. Күнделікті анашаға 5-8 мың теңге кетеді. Бірнеше жыл бұрын 6 ай бойы мамандардың бақылауында болып жазылып шықтым. Бір жарым жылдай анашаға мүлдем жақындамадым. Бірақ, шыдамай қайтадан шеге бастадым. ЖОО-дағы оқуымды да тәмамдаған жоқпын. Қазір құрылыста жұмыс істеп жүрмін.

Анашаны күре тамырыма екпе арқылы салған күндерім болды. Бірақ, көптен бері мұндайды жасаған жоқпын, тек анаша шегіп жүрмін. Осы тікелей эфир арқылы барлығына анашадан аулақ болуға кеңес бергім келеді. Анашым мен достарымнан, өзге жақындарымнан кешірім сұраймын. Осы жолға түскенім үшін өкінемін. Бір кездері осы зиянды әдетті жеңетін шығармын деп ойладым. Бірақ, бәрібір тәуелді болып қалады екенсің. Оны сатып алуға ақшаң жоқ екенін білген кезде жүйкең тозып кетеді. Қазірдің өзінде сол туралы ойлап, ашуланып отырмын. Бір шетінен өмірлік серігімді кездестіріп, отбасын құруды армандаймын”, – дейді Александр Иванов.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмаған келіншекті ұрысып тастады

Жалғыздықтан шаршаған мүгедек жігіт өзіне өмірлік серік іздеп жүр

43 жастағы мүгедектің әкесі: Ұлымның дәретханаға өзі барғанын бір көруді армандаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар