Жалғыздықтан шаршаған мүгедек жігіт өзіне өмірлік серік іздеп жүр

Жұма, 16 Маусым , 2017 13:50

“Жалғыздық күндіз емес, түнде ғана білінеді екен” дейді Ерболсын Алтыбасаров. Екінші топтағы мүгедек азамат бағдарлама арқылы өзіне жұбай іздеп жүр.

амувсы

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Ерболсынның кішкентай кезінде көзінің қарашығына ақ түсіп, ота жасатқан. Ота кезінде бет терісінің жүйке талшықтарын жансыздандырған. Содан бері бет терісі тоқтаусыз өсе бастаған. Одан кейін де үш рет жасатқан отаның көмегі болмады. Қазір екінші топтағы мүгедек. Ата-анасы қайтыс болғалы бері Ерболсын Жаркентте жалғыз тұрады. Бауырынан қалған балаларға да өзі қарайласады. Ерболсын ел қатарлы өмір сүргісі келетінін айтып жатыр.

“Алғашқы ота шамамен 6 жасымда жасалған болатын. Кішкентай кезімнен көзімнің қарашығына ақ түскен екен. Содан әкем Алматыға арнайы әкеліп ота жасатқан. Кішкентай кезімде бетім мұндай болған жоқ. 1989 жылы өзім Алматыға келіп тағы да ота жасаттым. Осыдан кейін бетімде ет өсе бастады. Жиі басым ауырады. Сол себепті көлікке, автобусқа мүлдем отырмаймын. 2013 жылы Талдықорған қаласында тағы да ота жасаттым. Әке-шешем мен жалғыз бауырым қайтыс болып кетті. Соның бала-шағасына мен қарайлап жүрмін.

Екінші топтағы мүгедек болғандықтан, 38 мың теңге жәрдемақы аламын. Мына түріммен жұмысқа алмайтындықтан, жеңіл-желпі жұмыстарды ғана істеймін. Көше сыпырушы болсам да, қуана-қуана жұмыс істейтін едім. Шыны керек, барлығы қазір түрге қарайды. Тіпті, отбасын құра алмай жүрмін. “Жігіттің түрі маңызды емес” деп жүрегінде иманы бар қыздар ғана айтады. Жанымды түсініп, қарайласатын адамдардан көмек сұрағым келеді. Сыныптастарымның барлығымен араласамын. Бірақ, жалғыздық күндіз білінбейді, тек түнде ғана білінеді. Осы бағдарлама арқылы өзіме қарайласатын адам іздегім келеді”, – дейді Ерболсын Алтыбасаров.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

43 жастағы мүгедектің әкесі: Ұлымның дәретханаға өзі барғанын бір көруді армандаймын

Келіншек бедеулігінен емделгісі келмейтін күйеуі туралы айтып жылады

Шымкенттік қыз жұрттың көзінше анасына опасыздық жасаған әкесін кешіре алмай жүр

Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар