Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек бедеулігінен емделгісі келмейтін күйеуі туралы айтып жылады

Келін бедеулігі туралы білгеннен кейін мінезі өзгеріп, жөнсіз қол көтеретін әдет шығарған күйеуі туралы айтып берді. Суық тигізіп алған күйеуі емделу туралы ойламайды екен. Керісінше есірткіге әуестігі күшейіп, түнге дейін достарымен компьютерлік ойындар ойнайтын болған. Енді келіншек өзінің болашағын сақтап қалу мақсатында ажырасып кетпек.

krushenie-poezda-v-ispanii-10

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

«Қазір жасым жиырма екіде. Тұрмыс құрғаныма бірнеше жыл болса да, сәби сүйе алмай келеміз. Күйеуіме қатты суық тиген екен. Емделуді бастап, артынша тастап кетті. Маған жиі қол көтереді. Жұмысының жалақысы аз. Оның үстіне түнімен достарымен компьютерлік ойындар ойнайды. Осылайша екінші жұмысына кешігеді. Уақыт өткен сайын анашаға тәуелді болып барады. Соңғы кездері түрлі сылтау тауып, жалақысын әкелмейтін болды. Ең сорақысы – неке жүзігімізді, құда түскен кезде салған сырғасын ломбардқа тапсырыпты. Күйеуімнен бағалы заттар мен ақшамды тығып жүретін болдым. Мұны біліп қалып, киімдерімді жыртып, ноутбугімді сындырып, қолына іліккеннің барлығын қиратты. Баламыз болса, екеуіміздің жанжалдасқанымызды көріп қиналып қалатын шығар деп ойлаймын. Ата-анам күйеуімді жақтырмайды. Ол, тіпті, өзінің анасын да сыйламайды.

Еркелесе де, ұрысса да шектен шығып жатады. Өткен қателіктерімізді қайталамайық деп серттесіп, отбасымызды бағалауға келіскен едік. Бірақ, бұрынғы «әніне» қайта басты. Жақын жандарым «Сен көріктісің, сауатың бар, тез тіл табысасың. Сен мұндай өмірге лайық емессің. Күйеуіңді тәрбиелеймін деп жүріп денсаулығыңнан айырыласың. Кеш болмай тұрғанда жаңа өмір баста» деп жалынады. Енем мен қайын жұртым мені қатты жақсы көреді. Өйткені, олардың көзінше әрдайым әдепті болып, көңілдерін тауып жүремін. Өздері де «Мына бала бәрімізді шаршатты» деп күрсініп отырады. Отбасымды сақтап қалғым келеді. Шырылдап жүгіргеннен пайда болмай жатыр. Әрине, өзімді басқа ер азаматпен елестете алмаймын. Бірақ, алдымен денсаулығымды сақтағаным жөн болар», – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік қыз жұрттың көзінше анасына опасыздық жасаған әкесін кешіре алмай жүр

Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады

Келіншек күйеуінің есірткіге әуестігінен қорқып жүргенін айтып жылады

19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты

Талқылау