19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты

Бейсенбі, 15 Маусым , 2017 10:16

Қазақстандық бойжеткен жігітінің төсек қатынасы туралы әңгімелерінен қатты шаршағанын айтып жылады. Жүргендеріне 8 ай болған жігіті үнемі төсек қатынасына көндіреді екен. Ал қазір отбасын құруға қыздың ата-анасы қарсы болып отыр. Себебі, бойжеткен небәрі 19 жаста.

tmb_35248_5882

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Жасым қазір он тоғызда. Жігітіммен жүріп жүргеніме 8 ай болып қалды. Менен алты жас үлкен. Өзі тым жақсы. Ол менімен төсектес болғысы келетінін жиі айта береді. Қаңтар айында үйленуге ұсыныс жасап, жүзік таққан болатын. Құдай қаласа, 1-2 жылдан кейін отбасын құруды жоспарлап отырмыз. Алғашқы үш айда арамызда төсек қатынасы туралы әңгіме болған жоқ. Көктемнен бері осыны айтып келеді. «Соңғы кезде қатты қозып жүрмін. Төсектес болайықшы. Сұйықтық ішімде қалып қойса, белгілі бір ауруға шалдығуым мүмкін» дейді. Ол кезде мен оқуда болдым. Яғни екеуіміз екі жақта жүрдік.

Мен де нәпсіме еріп, онымен бірге болғым келді. Осы жазда жалдамалы пәтерге бардық. Бірақ, арамызда артық ешнәрсе болмады. Мен үйленгеннен кейін ғана төсектес болуға ұсыныс жасадым. Некесіз төсектес болуды күнәға баладым.  Ол «Сен маған сенбей тұрсың. Сенімен бірге болып алып тастап кетеді деп ойлап тұрсың ба?! Мен әр ісіме жауап беремін. Оның үстіне екеуіміз үйленейін деп отырмыз» деп ашулана бастады. Оған толықтай сенемін. Бірақ, ішімдегі арам ой маза бермей қойды. Төсектес болған соң, мені сорлатып қоятындай көрінеді.

Оған қыздығымды берсем, бүкіл қазынамнан айырылып қалатын сияқты сезімдемін. Одан кейін оған тәуелді болып қалатын сияқтымын. Бір шетінен оны өзіме осылай ынтықтырып жүре бергім келеді. Бірақ, ол жеңілтек қыздарға барса не істемекпін?! Маған «Сен менің қаншалықты қиналып жүргенімді білмейсің. Сен тек өзіңді ойлайсың» дейді. Мен төсек қатынасын қаламаймын. Оның осы нәрсеге қатысты әңгімелерінен әбден шаршадым. Соған бола ұрысып қала береміз. Ал дәл қазір үйленуіме ата-анам қарсы болып отыр.

Мен оған төсек қатынасы үшін ғана керек сияқтымын. Осы жұрттың жігіттері қыздарына үйленгенге дейін тиіспей жүретін сияқты еді. Пәтерге бармай тұрып, мешітке барып некемізді қидыруға ұсыныс жасады. Мен қарсы болдым. Осы уақытқа дейін қалай шыдап келгенін сұрадым. «Өзімнің шын махаббатымды күттім» дейді ол. Маған сіздердің ақылдарыңыз керек. Араласуды жалғастырайын ба әлде қояйын ба?» – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық келіншек кекілін тым қысқартып жіберген шаштаразбен соттаспақ

Қазақ қызы жігіт мен оның әйелінің ұсынысынан кейін талып қала жаздаған

Келіншек бедеу күйеуіне ауыр сөздер айтқаны үшін өзін кешіре алмай жүргенін айтты

Қазақ жігіті көңілдесімен қашқан әйелін кешіруге дайын екенін ашып айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Anonymous says:

    Айтканынан кайтпаса коя сал!!!
    Созине карасам акымак емессын акылын озне жетет

  • Anonymous says:

    Сабыр тоби сары алтын

  • Anonymous says:

    Жігіттердің көбісі солай алдайды өзім Еркек болғансоң айтып отырмын. Сорлап қаласың босқа. Ы

  • Anonymous says:

    Сенің артыңнан ол жүгіріп жүр қазір, ертең ол алатын алып алғаннан кейін, ертең оның артынан сен жүгіріп жүрме. Сен менің қызымдай қызым екенсің. Мен осыны қызыма жиі айтам.

  • Anonymous says:

    Сенің артыңнан ол жүгіріп жүр, сенен аларын алып алғаннан кейін, сен оның артынан сен жүгіріп жүрме. Сенде менің қызымдай қызым екенсің. Менде осыны қызыма жиі айтамын.

  • Anonymous says:

    Қазір ол сенің артыңнан жүгіріп жүр ғо, сенен аларын алып алғаннан кейін сен оның артынан жүгіріп жүрме. Сондықтан ойлан қызымдай қызымсың, менде осыны қызыма жиі айтамын.

  • Anonymous says:

    Басың істесе төсек қатынасына уйленбей тұрып түспе. Шыдамаса екі қолы мен дос болсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар