Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті көңілдесімен қашқан әйелін кешіруге дайын екенін ашып айтты

Исатай Таумашевті 2013 жылы әйелі екі баласымен бірге тастап кеткен екен. Ол, тіпті, күйеуіне көңілдесін әкеліп таныстырып, балаларын қамқорлыққа алудан бас тартқан. Ер азамат әйелі балалары үшін келсе, кешіретіндігін айтып жатыр.

трот

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Келіншегіміз екеуіміз де 1978 жылы дүниеге келгенбіз. Алғаш 2002 жылы таныстық. Ол кезде жасым небәрі 24-те еді. Бір-екі ай қыз-жігіт болып жүрген соң, оны келісімімен алып қаштым. Бірақ, құда-құдағилар өзара кездеспеді, тойымыз да болмады. Себебі, оның бірінші отбасынан 5 жасар қызы бар еді. Жағдайына түсіністікпен қарадым. Оның үстіне әке-шешем 2000-2001 жылдары қайтыс болып кеткен болатын. Құдайға шүкір, ағайын-туысқандарым бар. Отбасында 4 ұл, 4 қызбыз. Мен соның жетіншісімін. Басында келісіп, ешкімге сезімімізді жария етпедік. Жастық шақтың әсері болып аздап ұялдым. Мен алып қашқан кезде қызын нағашыларының қолына берген еді. Мектеп жасына келген соң оны өзімізге алдық.

5-6 айдың ішінде туысқандарым бар шындықты біліп қойды. Заңды некеге тұрып, тату-тәтті өмір сүрдік. Осы күнге дейін пәтер жалдап тұрып келдік. 2012-2013 жылдан бастап құрбылары көбейе бастады. Олар үйге келген сайын екеуіміз қатты ұрысатын едік. «Осы адамдарды үйге жақындатпашы. Бізге бір жаманшылық әкеліп жүрер» деп сан рет ескерттім. Себебі, олардың жасы айтарлықтай үлкен еді. 1965-67 жылғы келіншектер. Солар үйге келген сайын әйелім күшейіп, маған мін таға бастайды. Бірақ, ішімдік ішпейді, тек өзара әңгімелесіп отырады. Барлығы күйеулерімен ажырасқан келіншектер. Келіншегім үй шаруасына өте жақсы болды. Балаларды да, ыдыс-аяқты да таза ұстайтын еді. 2013 жылдан бастап үйден кетуді шығарды. «Мен жұмыстан келгенше қыдырып алшы. Тек үйде қонатын бол» деп ескерту жасадым. Күз айына қарай қыдыруы жиілеп кетті. Тіпті, бір апта уақыт үйге қонбауды шығарды…

Бүгінде балаларын іздемейді. Арасында телефон арқылы хабарласып тұрады. Аяқ астынан көңілдесінің нөмірін тауып алдым. Сол азамат менімен сөйлесіп, кешке жақын алдыма келді. Қасында келіншегім бар. «Балаға анасы жақынырақ. Оларды сендерге қалдырып, сырттай қамқор болып жүрейін» деп едім келіспеді. Кінәнің барлығын маған жаба берді. Дұрыс айтсам да, бұрыс айтсам да, барлығын ұрысқа айналдырды. Жамандап отырмын деп ойламаңыздар. Арақ ішпеймін, темекі тарпаймын. Бірақ, шапалақтап ұрған кезім болды. Ешқандай жоқшылық көрген емеспіз. Күніне 4-5 мың теңге табатынмын. Әлгі көңілдесінің шындықты білгеннен кейін басы қатып кетті. «Сенің басыңдағы жағдайды маған бермесін» деді. Осы сәтте үшеуіміз көліктің ішінде әңгімелесіп отырған едік. Мен көліктен түсіп, әйелім кіретін шығар деп үйге қарай беттедім. Келмеді. Содан кейін із-түссіз жоқ болып кетті. Қайтып келсе, балаларым үшін кешіремін. Бірақ, арамызда бұрынғыдай махаббат болмасы анық», – дейді Исатай Таумашев.

Психолог маман бар кінәні өзінен іздеуге кеңес берді. Мұнымен қатар, маман Исатай мырзаның тым ақкөңіл екенін айтып қалды. «Өкінішке орай, адамдар ажырасып жатады. Екінші, тіпті, үшінші рет үйленіп жататын кездері болады. Келген ер азаматтар «Бірінші әйеліммен арамыз дұрыс болмады. Ол жаман адам болды. Екінші әйеліммен де күнде жанжалдастық. Ол да жаман адам болды» дейді. Бұл жерде бар мәселе өзіңізде болып отыр. Өзіңіз өзгермейінше өміріңіз де өзгермейді. Байқағаным бауырымыз сәл момындау. Ал әйелі бұрын бір рет отбасын құрған екен. Яғни тәжірибесі мол. Әрине, ол кісіні жамандағым келмейді», – дейді психолог.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жақында босанған келіншек күйеуінің суық қабағынан қорқатынын айтып жылады

Бойжеткен жігітінің әдепсіз қылықтарынан шаршағанын айтып жылады

Келіншек сырын қайын жұртына жайып, күйеуімен ажырастырған абысынына ренжулі

Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар жарияланды

Талқылау