Жақында босанған келіншек күйеуінің суық қабағынан қорқатынын айтып жылады

Сейсенбі, 13 Маусым , 2017 15:04

Екі енесімен бірге тұрып жатқан қазақстандық келіншек отбасындағы қиындықтары туралы айтып берді. Соңғы кезде қайын жұрты ғана емес, күйеуі де суық қабақ танытуды әдетке айналдырған. Жұрттың көзінше ұрысып тастайды екен. Енді ол сүйіктісінің өзіне деген махаббатын қайтадан қалай оятарын білмей жүр.

chong-giup-vo-bay-ke-tri-me-chong-hach-sach_1

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Өздеріңізбен сыр бөліскім келеді. Жасым қазір жиырма бесте. Жылап жүріп Құдайдан сұрап алған бір ұлым бар. Ата-енеммен және енемнің енесімен бірге тұрамыз. Үлкен енем әбден жүйкемді тоздырып бітті. Не істесем де, мені жақтырмайды. Тіпті, арық болғаным үшін сөйлеп отырады. Ұлым әлі омырауымнан еметіндіктен, тәбетім жақсы. Жеген тамағымды қызғанып отырады. Айта берсем көп. Күйеуім екеуіміз екі жыл жүрдік. Мені қатты жақсы көрді әрі қатты қызғанады.

Мен үшін талай жігіттермен төбелескен. Мені өзім танымайтын жігіт алып қашқан кезде де, артымнан іздеп келіп алып кетті. Босағаны пәк қыз болып аттадым. Содан бері 3 жыл өтті. Мен босанғалы күйеуімнің мінезі өзгеріп кетті. Маған дөрекі сөйлеп, жұрттың көзінше ұрысып кетеді. Мені, тіпті, адам құрлы көрмейді. Айлығын түгел атама ұстатады. Тиынына дейін есептеп береді. Ешқайда қыдырып та жүрген жоқпыз. Атамның қаталдығын еске алсам, ауылдан кеткіміз келеді. Бірақ, ол ата-анасына бұл туралы айтуға батпайды. Бар ашуына менен алады. Күйеуім ЖОО-да жұмыс істейді. Бәлкім өзгеруіне жұмысы себепші болып жүр ме екен?!

Ол жақта жадырап жүрген жас қыздарды көреді. Ал мен басыма орамал тағып, үстіме тозған халаттар киіп жүремін. Маған қабақ шытып жүруді шығарды. Өзім ата-енем мен балаларымның жағдайын жасаймын деп әбден әбіржіп кеттім. Бұрынғы жұмысым шақырып жатыр. Жұмысқа шығып кетейін десем, балама қарайтын адам жоқ. Күйеуімнің маған деген сезімін қайтарғым келеді. Әжемнің мінезіне шыдай аламын, бірақ, күйеуімнің маған жақтырмай қарағанына төзе алар емеспін. Маған ақыл айтыңыздаршы. Оның өзіме деген ыстық махаббатын қалай қайтарсам болады?» – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен жігітінің әдепсіз қылықтарынан шаршағанын айтып жылады

Келіншек сырын қайын жұртына жайып, күйеуімен ажырастырған абысынына ренжулі

Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар жарияланды

Атышулы Мақсат Үсенов салық берешегін төледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар