Атышулы Мақсат Үсенов салық берешегін төледі

Сейсенбі, 13 Маусым , 2017 12:34

Алматы мемлекеттік кірістер органдары хабарлағандай, Мақсат Үсенов салық берешегін төледі.

7b5fb3a1a519fc7901fb7469fe20d3f8

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“8 маусымда азамат Мақсат Үсенов 2016 жылы көлік салығын төлемегендігінен туындаған 174 мың 24 теңге көлеміндегі салық берешегін төледі, оның ішінде салық — 138 мың 362 теңге, өсімақы — 35 мың 878 теңге”, — деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаменті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мойнында 160 мыңнан астам салық берешегі бар Мақсат Үсенов “Эйр Астана” ұшағының бортында болған еді. Сол кезде атышулы қазақстандық дөрекілік танытып, Бангкок әуежайында таиландтық полицияға ұсталған.

Кейінірек СІМ хабарлағандай, Үсенов Бангкок арқылы Вьетнамға ұшып бара жатыпты, оны жауапкершілікке тартпастан босатқан. Сөйтіп, ол сапарын жалғастырған еді, алайда шын мәнісінде сонша қарызы бар азамат Қазақстан шекарасынан шығарылмауы тиіс болатын.

Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті тайландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.

Осы оқиғадан кейін Үсеновтің 160 мың теңгеден астам салық борышы бар екені белгілі болды. Ал мұндай қарызы бар адамның шетелге шығуға құқығы жоқ.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің атап өтуінше, борышкерді елден шыға алмайтын азаматтардың тізіміне енгізу үшін өндіріп алушылар оны сотқа беру керек. Ал Үсеновтің жағдайында сот шешімі болмаған.

Оқи отырыңыз:

Түркістандық полицей Евгений: Балаларымды қазақша тәрбиелегім келеді

Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Әкемнің басына қап кигізіп қойды: Мұратхан Тоқмадидің қызы тұтқындау сәтін айтып берді

ЭКСПО-да “Аттан, қазақ!” деп ұрандатқан Амантай қажымен шетелдіктер суретке түсіп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар