Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Сейсенбі, 13 Маусым , 2017 11:29

Қазақстанның үш қаласында дайын жүргізуші куәлігін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, кез келген жақын ХҚКО-дан алуға болады.

1998673

Астана, Алматы, Шымкент тұрғындары кез келген жақын Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін ала алады, ол үшін жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде тиісті бөлімнің нөмірін көрсету керек, деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” ҰАҚ өндіріс қызметінің координациясы бойынша басқарушы директор Шоқан Әбділмановтың сөзіне сүйенсек, бұл жоба халықтың уақытын үнемдеп, арнайы ХҚКО-тарындағы кезектерді азайтуға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 арнайы ХҚКО бар: Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе дәне Шымкент қалаларында. Сонымен бірге арнайы ХҚКО-ның екі секторы қызмет етеді: Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында. Жыл басынан бері 137 мыңнан аса жүргізуші куәлігі берілді.

Тағы да оқыңыз:

Әкемнің басына қап кигізіп қойды: Мұратхан Тоқмадидің қызы тұтқындау сәтін айтып берді

Түркістандық полицей Евгений: Балаларымды қазақша тәрбиелегім келеді

ЭКСПО-да “Аттан, қазақ!” деп ұрандатқан Амантай қажымен шетелдіктер суретке түсіп жүр

Тек нан жеп, су ішем: ОҚО-да оқушы қыз өгей анасының ұратынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар