Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмаған келіншекті ұрысып тастады

Журналист Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмай, өзінің бақытсыз екенін айтқан келіншекті ұрысып тастады. Оның артықшылықтарын жіпке тізіп, қолда бардың қадірін білуге шақырды.

всыч

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Роза Рахметова бала-шағасына қарап үйде отырады. Екі ұлы бар. Биыл мектепке барған тұңғышы дайындық сыныбында оқып жүр. Кішкентай болса да, анасының жабырқау жүретінін байқап, көзілдіріксіз жүре алмайтынына қатты қынжылады. Ал Роза ханымның өзі көзілдіріксіз көшеге шыға алмайды. Көрші-қолаңмен аралас-құраластығы жоқ. Бар уақытын балаларына арнайды. Роза ханым үшін балаларынан асқан бақыт жоқ.

“Өзімді шынайы бақыттымын деп айта алмаймын. Әрине, құдайға шүкір, екі ұлым мен күйеуім бар. Арасында күйеуім көңіліме демеу болсын деп жақсы көретінін айтып тұрады. Бет-әлпетімнің бұзылуына 6 жасымда болған жол апаты себепші. Шымкент қаласына қонаққа келіп, үйге қайтып бара жатқан болатынмын. Ішімдік ішіп алған жүргізуші жолдың шетінде тұрған тракторға соқтығысып қалды. Ол кезде атамның алдында отырғандықтан, бетім қатты бүлінді. Жол апатынан кейін мені Ташкент қаласында емдетті. Содан бері бетім осылай қалып қойды. Мектепте тек 8-сыныпқа дейін ғана оқыдым. Ұлдар да, қыздар да қосылып алып мазақтайтын еді. Оқуға барғым келді, бірақ түрімнен қысылдым. Әпкелерімнің көмегінің арқасында тұрмысқа шықтым. Яғни болашақ жарыммен солар арқылы таныстым. Балаларымның да сабағы жақсы”, – дейді Роза Рахметова.

Ал бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек келіншектің пікіріне мүлдем қосылмайтынын жеткізді. Яғни салыстырмалы түрде оның өзге қыз-келіншектерден әлдеқайда бақытты екенін айтып ұрысып алды.

“Менде саған деген аяушылық сезім жоқ. “Неге?” деп ойлап отырған шығарсың. Себебі, сенің бұл кемістігің қысылуға тұрмайды. Қолаң шашың мен қиылған қасың бар. Әдемі келбетің мен өзіңе жарасқан мүсінің бар. Жақсы көретін күйеуің мен ұлың бар. Бір шетінен 12 мүшем сау болғандықтан, маған айту оңай болып отырған шығар. Бірақ, адамның түрі ең маңызды нәрсе емес. Сен бірінші орынға түрді қойып жібергенсің. Ал бастапқы орында адамның ішкі жан-дүниесі мен ішкі бақыты тұруы тиіс. Шындығында, қасыңдағы адамдар сені түріңе қарап бағаламайды. Балаларың үшін сенен асқан сұлу жоқ. Күйеуіңді көрмесем де, оның дәл осындай ойда екенінен сенімдімін. Өзіңді аяп, өзіңді дұрыс қабылдамау арқылы көңіл-күйіңді құртып жүрсің”, – дейді Бейсен Құранбек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жалғыздықтан шаршаған мүгедек жігіт өзіне өмірлік серік іздеп жүр

43 жастағы мүгедектің әкесі: Ұлымның дәретханаға өзі барғанын бір көруді армандаймын

Келіншек бедеулігінен емделгісі келмейтін күйеуі туралы айтып жылады

Шымкенттік қыз жұрттың көзінше анасына опасыздық жасаған әкесін кешіре алмай жүр

Талқылау