Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова: Не істесем де жандүниеме бірнәрсе жетіспей жүр

Мәдина Сәдуақасова жандүниесінің толқынысын жазды. Өзін қанша алдағанымен, әлденеге көңілі толмай жүргенін ашық айтты. Әншінің көңіл-күйіндегі өзгерісті желідегі оқырманы өзінше бағамдады. 

Шапалақпен шадаңқ еткізді: Мәдина Сәдуақасова өзінен сұхбат алған жігіт туралы

"Шекара асып Мысырға барып, Қызыл теңіздің су астындағы әлемін көрдім, көлігімді ауыстырдым, шашымды қиып, басқа түске бояп тастадым, фотосессиялар жасадым. Туған жеріме Қызылордама да барып қайттым ... Бірақ сонда да біртүрлі, ішкі жандүнием толыңқырамай, бірдеңе жетіспей тұрған сияқты? Өзім түсінбей жатырмын..?", - деп жазды әнші. 

Бұған дейін әнші жолдасына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан болатын. Көпшілік Мәдинаның күйеумен ажырасып кеткенін желіде жиі жазып жүр. Өнер иесі бұл ақпаратты растаған да жоқ, теріске де шығармады. 

Сәдуақасова отбасылық суреттерін желіде жарияламайтын болған. Сезімге, махаббатқа толы жазбалар жариялады. Көңіл-күйінің құлазып жүргенін жазды. Соңғы жазбасында да әншінің көңілі алаңдаулы екенін аңғаруға болады. 



Желі қолданушылары сан сауалдар қойып, отбасылық мәселеге қатысты мазалаған сұрақтарын қойды.

"Сізге ыстық махаббат жетпей жүр ғой", "Жүрек тыныш емес, құлақ түру керек", "Кедей бай болсам дейді, ал бай құдай болсам дейді. Сіздікі соған сай болып тұр. Дастарханымызда нан мен май болса және бала шағамыз аман болса одан артық бақыттың керегі жоқ", "Ауырып қалмадың ба?", "Алла жүректін тыныштығын берсін", - деп жазды олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр