Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек қызға ақша беретінін айтқан Қайрат Нұртастың анасы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртастың анасы желі қолданушыларының арасында әншінің «Сүйген қалам» әніне  видео түсіру байқауын жариялаған еді. Сондай-ақ, жеңімпазға ұялы телефон мен 1 миллион теңге беретінін уәде еткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Байқау өз мәресіне жеткенде продюсер жеңімпаздарды атап, оларға уәде етілген сыйлық берілетінін айтты.

Сондай-ақ, Ақбота Серғазы есімді қыз байқауда орын алмаса да, туындысы Айдарбекованың көңілінен шыққан көрінеді. Продюсер арбаға таңылған қызға ризашылығын білдіріп, ақшалай сыйлық беретінін жеткізді.

«Ешкімен қалыс қалмай, біздің байқауымызға қатысқаның үшін алғысым шексіз, балапаным сол! Саған арнайы өзімнің ақшалай сыйлығым бар. Мекен жайыңды және ұялы телефон нөміріңді ұмытпай тезірек жазып жібер. Саған өзіміз жеткіземіз», – деп жазды продюсер Instagram-парақшасында.

 

Өз кезегінде Ақбота Серғазы да продюсерге алғыс білдіріп, әжесі Қайрат Нұртастың тілеуін тілеп отыратынын айтты.

«Гүлзира апай, Қайрат аға, Жұлдыз тəте сіздерге үлкен рахмет! Бүгін менің ең қуанышты күнім. Қаншама адамның ішінен мені елегендеріңіз үшін алғысым шексіз. Үйде 80 жастағы əжем бар. Əжем күндіз-түні сіздердің тілеулеріңізді тілеп отырады. Алла тіл көзден, жаманшылықтан сақтасын дейді. Əжем де мен үшін қатты қуанып отыр», – деп жазды Ақбота Серғазы.

Ал желі қолданушылар продюсердің әректіне тәнті болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Оқи отырыңыз:

Моңғолияда «Біздің келін» бәйгесінде қазақ қызы үшінші орын алды

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің бизнесі тоқтап қалғаннан кейінгі қиын өмірі туралы айтып берді

Ақбота Сейітмағамбет: Біреуге тоқал бол деп айта алмаймын

Баян Алагөзова: Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар

Талқылау