Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің бизнесі тоқтап қалғаннан кейінгі қиын өмірі туралы айтып берді

Ұлы Сардарды туған күнімен құттықтаған Ләйлә Сұлтанқызы жүкті кезінде басынан өткен қиындықтар туралы айтып берді. Тележүргізушінің жүктілігінің соңғы кезеңінде күйеуінің бизнесі тоқтап, отбасы біраз қиындыққа тап болыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Тележүргізуші Ләйлі Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында ұлы Сардарды туған күнімен құттықтап, жүкті болған кезінде қандай қиындықтарды өткергенін айтып берді.

«2008 жылғы қыс біздің отбасымыз үшін өте бір ауыр қыс болды. Аяғым ауыр. 7,8 ай болатын. Күйеуімнің бизнесі бір күнде тоқтады. Банкрот. Әр күні, әр сағаты, әр минуты есімде. Ертеңіміз қалай болатынын елестетудің өзі қиын болды, үрей, қорқыныш. Мұндай жағдайда ер азамат не ішіп кетеді, не күйзеліске ұшырайды. Ол берілмеді, бәріне төзді, жеңді. Күресті. Қазір ойласам, жүрегім дір ете қалады. Бәрін басынан бастауға тура келді. Басынан… Бізге күресуге күш берген дүние есігін әлі ашпаған періштеміз еді. Мерзімі бойынша ақпанда мен босануым керек», – деп еске алды тележүргізуші.

Сондай-ақ, Сұлтанқызының сөзінше, ол ай-күні жақындағанда перзентханаға өзі көлік тізгіндеп барған.

«2009 жылдың ың 17 ақпанында мазам болмады. Аxылеп-үxілеп көлікке отырдым да, перзентxанаға кеттім. Қорықпаймын көлік айдаудан. Ал толғақ болса жоқ. Шыдай алар емеспін. Ауыр қозғалам. Ауыр демалам. Ертесіне дәрігерлер босандырып алу керек деп шешті. Қуанышымда шек жоқ. 18 ақпанда сағат 23:45-те тапаншасы бар бала дүниеге келді. Сардар!» – деп жазды тележүргізуші.

Ал желі қолданушылары тележүргізушінің қайсар мінезіне тәнті болып, ұлын туған күнімен құттықтап жатты.

Оқи отырыңыз:

Ақбота Сейітмағамбет: Біреуге тоқал бол деп айта алмаймын

Баян Алагөзова: Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар

Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдайтын актрисаны көрсетті (фото)

Қайрат Нұртас: “Ақшасы тасып құтырған” дегенді қойыңдар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар