Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар

Белгілі продюсер Баян Алагөзова біраз уақыт бұрын Таиландта демалып жүріп, Instagram желісінде Жұлдыздың сәбиімен бірге түсіп қалған суретін жариялап жіберген еді. Аталған жайттан кейін көпшіліктің сауалын жауапсыз қалдырған продюсер бұл жолы Айқын мен Жұлдыз жөнінде ештеңе білмейтін сыңай танытты.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жұлдыз Өмірғалидің «KешYou» тобынан кеткеннен кейінгі тағдыры белгісі әрі түсініксіз болып қалды.Көпшілік Жұлдыздың Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығып, ұл сыйлағанын айтып әуре. Ал Жұлдыздың отбасымен жақсы араласатынын айтқан Баян Алагөзова, оның тағдыры туралы жақ ашпаған-ды.

Біраз уақыт бұрын Баян Алагөзова Instagram желісінде Жұлдыздың сәбиімен түсіп қалған суретті жариялаған еді. Журналистің осы жөнінде қойған сұрағына продюсер ештеңе білмейтін сыңай танытты.

«Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар. Мен білмейтін жайт туралы айтып тұрсыздар. Суретте кімнің түсіп қалғаны есімде жоқ», – деп жауап берді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ, продюсер Жұлдыздың топтан кеткеннен кейін өзінің қоластында жұмыс жасамайтынын айтты.

«Жұлдыз бізбен жұмыс жасамайды. Бірақ онымен достық-қарым қатынастамыз. Бір-бірімізді сыйлаймыз, жақсы көреміз. Жалпы, Жұлдыз – тамаша адам», – дейді продюсер.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы алдағы уақытта Жұлдыз Өмірғалимен де, Ақбота Сейітмағамбетпен де жұмыс жасайтынын айтып қалды.

«Ақботаны да, Жұлдызда да жобаларыма шақырып тұрамын. Олар келесі жолы түсіретін фильм, телехикаяларымда міндетті түрде бой көрсетеді. Себебі олар өте талантты қыздар. Оны қыздардың ойындарын да көрдіңіздер», – дейді Баян Алагөзова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Баян Алагөзова әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің өтірігін әшкерелеп қойды. Ол желіде Жұлдыздың сәбиімен түсіп қалған суретін жариялап жіберген еді.

Оқи отырыңыз:

Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдайтын актрисаны көрсетті (фото)

Қайрат Нұртас: “Ақшасы тасып құтырған” дегенді қойыңдар

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды

Талқылау