Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздары мен имамдардың бірге түскен суретін көріп, сын айтты.

“Бұнысы артық енді. Мүфтият əкімшіліктің бір департаменті болған ба, мешіттің ішінде қонағын күтетін? Турист болсын, келсін, көрсін … Бірақ молдамен құшақтасып сүретке түсүі қалай сонда? Қай əдепке жатады ? Біз өзіміз діни қызметкерлерге құрметпен қараймыз, бұлардікі не? Басқа елге барсақ солардың тəртібіне, дəстүріне көнеміз, ал бұлар босаңсынып кетпеді ме мешіттің ішінде? Мазақ болма, қазақ”, – дейді Әбенов.

Желі қолданушыларының бірі қоғам қайраткерінің ойын құптаса, бірі қарсы шығып жатыр.

“Кінəнің бəрі ол шет ел əртісінде емес, соған жол беріп отырған діни қызметкердің КІНƏСІ! Соншама олармен құшақтасып Алланың үйін мазақ қылғаны ма, әлде дін қызметкері өзін мазақ қылғаныма?”, “Мұрат аға, шіркін осыны еститін құлақ болса ғой”, – дейді бір топ.

“Қазақ халқы өз қонақ жайлығымен мәшһүр. Голливудтан келген меймандар Шығыс Қазақстан тұралы документалдык кино түсірiп жүр. 3 күн iшiнде өнiрдің талай жерін аралап шықты. Түсіру барысында мешітке барып, сосын шiркеуге барып, жергілікті халықпен кездесіп, тыныс тіршілігімен танысып, жүрген барысында, тусiрiлген сурет қой. Мән жайын бiлмей сыңай бермендершi. Осы суретте ұялатын ештеңе жоқ. Контекстен жұлып алынған мәселе”.

Мешітке шет ел азаматтарын апарғанда тұрған айып жоқ деп ойлаймын. Астанадағы Əзірет Сұлтан мешітіне күніне қаншама қонақ келіп-кетіп жатады. Аузын ашып, бастарын қайта-қайта шайқап тұрған туристерді талай көргенмін. Барсын, көрсін. Білсін қазақтың ата діні Ислам екенін. Білсін қазақ жабайы, мəдениетсіз халық емес екенін. Білсін Хақ дінге осыншама қаражат жұмсалып жатқанын. Айналып келгенде қонақтың ақысы бар. Жабық мемлекет емеспіз. Маған салса сол жерден ары қарай Жидебайға алып кетер едім…

“Тап осы имамның осыған дейінгі фильмдерде тек проститутканың рөлін сомдап келе жатқан əйелге қандай да бір қызығушылықпен қарамағаны айдан анық дүние. Тек жаман əдетке салып, артық сөзге барып жатқан тағы өзіміз. Бұл ретте облыста осы кездесулерді ұйымдастырған жауаптылар айыпты деп есептеймін. Осыншама дəрежедегі адамдарды шақырған екен, бүкіл елге тарайтын ақпаратқа (мейлі фото, мейлі басқа) сəл абай болу керек. Ол жағын ешкім ойламаған. Қатырдық деген шығар. Айналып келгенде имам оңбаған, мүфтият қу, дінің нашар”, – деп жазды Азамат Битан есімді желі қолданушысы.

Бұған дейін Өскемендегі имамның шетелдік актрисаға көзқарасы көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Имам актрисаға ешқандай жаман оймен қарамағанын, ерекше киінгеніне немесе қимыл-әрекетіне қараған болуы мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, деректі фильмнің түсірілімі үшін ШҚО-ға келген шетелдік актерлер Халифа Алтай мешітінде болып қайтты. Голливудтан келген меймандар мешітті аралап, намаз оқу рәсіміне қатысты.

Тағы да оқыңыз:

Айсәуле Бақытбек қымбат көлік мініп, бағалы сөмке ұстайтын инстаграм жұлдыздарының түкке тұрмайтынын айтты

Саунада ән айтсын онда: Белгілі композитор той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды

Серік Абас-шах: Бекжан Тұрыс қыз болып туғанда есімі Аружан Саин болар еді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар