Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменге Голливуд жұлдыздары келді (фото)

Өскеменге Шығыс Қазақстан туралы фильмге түсетін Голливуд әртістері келді. Облыстық билік шығыс өңірінің қонақжайлығы туралы деректі фильм түсірмекші.

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Облыстық орталықта Голливуд әртістері Кэри Тагавы, Майкла Мэдсена, Бай Лин, Марка Дакаскоса және Эрика Робертса болды.

«Бұл ШҚО-ның туристік қонақжайлылығын көрсететін деректі фильм болады. Ондаа тарихты және тарихи жерлерді көрсетеміз. Фильм 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі 15 минуттан. Жалпы кинометраж 1 сағатты құрайды», – дейді фильм продюсері Арман Әсенов.

Оның айтуынша, ҚР президентінің АҚШ-қа сапарынан кейін көптеген америкалық компаниялар Қазақстаанға қызығушылық танытып отыр. Бұл фильм болашақта  BBC, National Geographic телеарналарынан көрсетілуі мүмкін.

«Әртістер облыстың 4 ауданында болады. Оларға өңірдің мәдени жерлері мен халқымыздың дәстүрі таныстырылады», – дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Голливуд жұлдыздары ШҚО-да 1 апта қонақ болды.

Тағы оқыңыз:

Ресейдегі ұшақ апатынын тағы бір Қазақстан тумасы қаза тапты

Боғауыз сөздер айтып төбелес шығарғысы келген жігіттен полиция қызметкерлері қашып кетті

Шымкенттегі үш адам өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қазақ дәстүрі: Халқымыз не себепті кей қызын еркекшора қылып өсірген

Талқылау