Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорқып қашып кетті: Қазақстандықтар балағат сөз айтқан жігіттен қашқан полицейлерді босатуды талап етті

Қызылордада жергілікті тұрғын патрульдік полиция қызметкерлерін боғауыз сөздермен балағаттап, төбелес шығруға дейін барды. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.

Видеода «Шамдарыңды жағып өзіңше болма. Көлігіңмен қосып өртеп жіберемін. Кет, құры», деген жергілікті тұрғын полиция қызметкерлерін ұрып жіберуге дейін барды.

Қызметтік көлігіне мінген полиция қызметкеріне жігіт шабуылдамақшы болды. Көлік есігін сілкіп, ашу шақырды.

Алайда, жігіттің әдепсіз сөздері мен орынсыз қылығын көрген полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбастан көліктеріне отырып, жүріп кетті.

Желі қолданушыларынің көбі жігіттің бұл әрекетін құптамады. Кейбірі бұл оқиғаға полицейлердің өзін кінәлаған.

Қолданушылардың бірі “Полицейлер өздерін қорғай алмаса, бізді қалай қорғайды”, – деп жазды.

Оқиғаның неден болғаны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз:

Шымкенттегі үш адам өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қазақ дәстүрі: Халқымыз не себепті кей қызын еркекшора қылып өсірген

Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар

Үйленгенде «өлі-тірі» апарудың сыры неде

Талқылау