Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет: Біреуге тоқал бол деп айта алмаймын

Дәурен Айдарқұловқа тоқал болып, қарым-қатынастары қашан да ел аузынан түспейтін Ақбота Сейітмағамбет тоқал мәселесі туралы өз көзқарасын айтты. Әншінің айтуынша, қоғамда тоқал болудан өзге де сұмдық жағдайлар орын алып жатыр.

Ақбота Сейітмағамбет «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында тоқал мәселесі туралы өз көзқарасын ашық айтты.

«Қазіргі уақытта мен ғана тоқал болып жатқан жоқпын. Біреуге тоқал бол, екінші әйел бол деп айта алмаймын. Бұл жат қылық. Дұрыс емес. Басқа да адамдардың басынан неше түрлі жағдайлар өтіп жатыр. Мысалы, біреулердің жағдайы жоқ. Біреулері зорланған, баласын тастап кеткен, әйелі күйеуін немесе күйеуі әйелін өлтірген. Басқалардың да басынан өтіп жатқан оқиға көп. Неге менің ғана өмірім қызық болады? Түсінемін, елдің алдында жүрген соң, барлығына қызықты», – дейді әнші.

Бастапқыда Ақбота жеке өмірін құпия ұстағысы келген. Әншінің айтуынша, Дәурен екеуінің қарым-қатынасы жайлы көпшілікке тарап кетуіне актердің жұбайы себеп болыпты.

«Енді бір кісілердің арқасында басымдаға жағдай бүкіл елге тарап кетті. Басында менің өмірім ешкімге қызық болмаған. Бір кісілер бүкіл халыққа жайды. Даттағысы, қаралағысы келді», – дейді ол.

Сондай-ақ, әнші жүктілік кезінде жалғыз болғаныны да айтып қалды.

«Жүктілік кезінде жалғыз болдым. Ол жағдайды іштегі сәбиіммен жалғыз өзім кештім. Кей кезде туыстарым, жалғыз бауырым келіп, көмектесіп тұрды. Ол өзінің маған қамқор екенін көрсетті», – дейді әнші.

Әншінің өміріне өкпесі болса да, өзегін өртейтін өкініші жоқ. Себебі жыласам әлсіз болып көрінемін деп қорқады.

«Өкінемін-ау, қайғырамын ғой, осы әрекетім дұрыс болмады деген ой болған жоқ. Себебі маған Алла ұл сыйлады ғой. Неге мен өкінуім керек? Мен керісінше, ұлымды әрі қарай өсіруім керек. Қайғырып, өмір бойы өкініп өтетін адам емеспін», – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова: Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар

Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдайтын актрисаны көрсетті (фото)

Қайрат Нұртас: “Ақшасы тасып құтырған” дегенді қойыңдар

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Талқылау