Мүгедек науқасты зорлап жүкті еткен дәрігердің кім екені анықталды
Американың Финикс қаласында күтіміне қарап жүрген дәрігер мүгедек науқасты зорлап, жүкті еткен. Тексеру нәтижесінде баланың әкесі анықталды.
ДНҚ сараптамасы баланың әкесі 36 жастағы Натан Сазерленд екенін анықтады. Ол 2011 жылы Hacienda Healthcare орталығында жұмыс істеді. Ол мүгедектер мен егде жастағы науқастарды, өзге науқастарды зорлады деп айыпталады.
Медициналық орталықтың екі маманы жұмыстан шықты. 7 қаңтар күні компанияның атқарушы директоры Билл Тиммонс қызметінен шықты.
Орталықтағы науқас 29 желтоқсанда бала босанды. Қызметкерлер оның жүктілігін білмеген. Әйел жүріп-тұра алмайды, сөйлей алмайды. Оны зорлау арқылы жүкті еткен.
29 жастағы науқас үнемі күтімді қажет етті. Оның миы зақымданып, үш жылдан бері емделуде. Ол таныс адамдарын біледі. Бастапқыда оның 10 жыл комада жатқаны немесе вегетативті күйде болғаны айтылған.
Бұған дейін 10 жылдан аса комада жатқан әйелдің бала босанғанын жазған едік.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады