Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жылдан аса комада жатқан әйел бала босанды

АҚШ-тың Аризона штатында он жылдан бері ессіз күйде жатқан әйел бала босанды. Осыдан соң тергеу басталып, дәрігерлер тексерілді.

Оқиға Финикс қаласының маңында болды. Әйел адам суға батып кеткен соң ес жия алмай, комада жатты. Оның он жылдан бері комада жатқаны белгілі. Ал 29 желтоқсан күні бала босанды. Полицейлер тергеуді бастап кетті. Дәрігерлердің ДНҚ-сы алынды.

Әйелге түрлі жағдайда көмек көрсету себебімен ер дәрігерлер де оның бөлмесіне кіріп жүрді. Ал, оқиғадан соң тек әйел дәрігерлер ғана кіруге құқылы болды.

Әйелді ер дәрігерлер зорлады деп күдіктелуде. Науқастың туыстары бұл сұмдың оқиғаны естіп, ес жия алар емес.

Өңірдегі денсаулық сақтау департаменті қауіпсіздік шаралары қабылданғанын мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау