Лукашенко Қазақстан және Ресеймен бірігудің маңыздылығы жоқ деп айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық Экономикалық одақтың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің қатарында Ресей, Қазақстан, Армения және Қырғызстан бар. Өзінің одақ коллегиясының төрағасы Михаил Мясниковпен әңгімесінде Лукашенко ЕАЭС құрылысының әлі басталмағандығын ескерді.
Беларусь президенті экономикалық одаққа кірудің маңызы жоқ дейді, себебі оған мүше мемлекеттердің өндірістік және аграрлық саясаты жоқ көрінеді.
"Біз бұл жайтты үлкен дауға айналдырып жібердік. Одан кейін одаққа кім мүше болғысы келеді?" - депті Лукашенко.
Өз сөзінде ол ЕАЭС-ке басқа мемлекеттердің қызығушылығын ояту үшін барынша жағдай жасау керектігін алға тартты.
Бұған қоса Лукашенко әрбір одаққа мүше елдің ұсыныстары қарастырылатынын айтып кетті. Егер ондай ұсыныстар болмаса, онда мемлекеттерге жеке дара ел ішіндегі мәселелерді шешкен жөн дейді ол.