Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Логика деген жоқ": Білім министрі жаңа әліппе туралы

Білім министрі жаңа әліппе туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Логикасы жоқ: Білім министрі жаңа әліппе туралы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қазақ тілді әліппе шығарудың қиын болып тұрғанын айтты. Мектепке дейінгі балалар оқитын кітаптардың миға қонымсыз тұстары көп дейді ол. Баспалардан алып келінген әліппе толық қанды балаларға білім беруге келмейтінін айтып ашынды министр.

"Біз әліппенің бірнеше нұсқасын көрдік. Мүлдем логикасы жоқ. Бір басылым 11 дауысты, 11 дауыссызы бар әліппе алып келсе, енді бірі 4 дауысты, 4 дауыссыз кітапты ұсынады", - дейді Аймағамбетов. 

Жаңа жүйе енгізілді ме деп сұрасақ, баспалар ештеңе айта алмайды дейді ол. Баланың сауатын ашатын кітапқа бейжай қарай алмайтын Аймағамбетов Ахмет Байтұрсыновтың дайын әліппе жүйесіне негіздеп, кітап басуды бұйырды. 

"Әліппе - тәжірибе алаңы емес. Бізде бұрыннан бері Ахмт Байтұрсыновтың жасаған нұсқаулықтары бар. Ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Тек сол жүйе бойынша жұмыс жасау керек", - дейді министр.   

Талқылау