Ләйлә Сұлтанқызы. Қазір адамдар махаббат емес, өмір сүруге ыңғайлы адам, серіктес іздейді
Ләйлә Сұлтанқызы махаббат тақырыбын қозғады. Қазіргі заманда адамдар махаббаттан ада, жанына тек серік іздеушілер көп дейді. Махаббат сезімін көп адам бағаламайды деген пікірде.
"Қазір ешкім махаббат іздемейді. Қазіргі заманда өмір сүруге ыңғайлы адам, серіктес, жақсы дос іздейді. Бірақ махаббат емес. Белгілі бір жасқа келгенде өзінің қайғылы тәжірибесіне сүйеніп, не ет жақындарының бақытсыздығына қарап, махаббат – бақыттың кепілі еместігін түсінеді.
Бәлкім, керісінше. Махаббат бірсыдырғы өмірдің күл-талқанын шығарып, жылатуы да мүмкін деп қорқады. Адамдар бұрыш-бұрышта пыш-пыштағанымен, Құдай мен сенімге де құлай сенбейтін боп алған.
Қазір елдің бәрі өмірдің тым қысқа екенін біліп алған. Сол қысқа мерзім ішінде мейлінше бай-дәулетті, ыңғайлы өмір сүрсем дейді. Ата-аналар дұға қылғанда баласына махаббат тілемейтін боп кетті. Тек денсаулық пен байлық тілейді", - деп жазды.
Ләйлә ханым махаббатың қарт адамды есінен тандыратын, кемені бағытынан бұратын ерекше сезім екенін айтады. Алайда адамдар оны мойындағысы келмейді деп жазды.
"Ағамның соңғы аманаты": Ләйлә Сұлтанқызының қайтыс болған ағасының қызы өмірге келді
"Сосын жанынан табылатын бір көлеңке сияқты ыңғайлы адам болса деп тілейді. Аяқ астынан махаббат келе қалса, адамдар не істерін білмей сасады. Бірден басын алып қашып, жүрек лүпілін гормонға жауып, химияның кесірі деп, бәрі өтеді де кетеді деп өзін сендіреді. Осы түсініксіз мезет тез бітсе екен деп тілейді. Себебі, махаббат керек емес, ол артық, кемені бағытынан айнытатын, қарттыққа бет алған адамды алжастыратын, көрнекі жаназадан қағатын адасқан сезім.
Бүгінгінің адамдары махаббатқа сенбейді. Өз ойын үнемі позитивті болсын деп шегелеп тастаған. Қайғы мен уайымды жаттығу жасап, тәннен шығарып тастауды біледі. Түнімен ұйқы жоқ болса да, жалғыздығын тыныштандыратын дәрімен улайды. Таңертең алаң көңілін бәрі жақсы болады деп алдандырады. Бастысы, ыңғайлы адамның жанында жүріп қарттыққа аман-сау жетсе болғаны...
Жүректің түкпірінде сары майдай сақталған махаббатты ашып көрсетіп, оны мойындаудан орта жолда өліп кетудің қаупі зор", - деп жазды.
Тележүргізуші бұл жазбаның авторы өзге екенін атап көрсетті.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
