Ләйлә Сұлтанқызы қазақстандықтарды онлайн-диктантқа қатысуға шақырды
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақстандықтарды Stan.kz ақпарат агенттігі өткізетін тұңғыш онлайн-диктантқа қатысуға шақырды.
"Құрметті Stan.kz ақпараттық порталының оқырмандары, 15 желтоқсан күні таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін Stan.kz сайтында диктант жазу жобасы жүктеледі. Сайтқа тіркеліп, жобаға қатысып көрсеңіздер", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ол өз кезегінде жобаға қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталатынын атап өтті.
Еске салайық, онлайн-диктантқа 15 желтоқсанда сағат 8:00-де бастап қатысуға болады. Диктантқа қазірден бастап тіркелуге болады. Ол үшін dictant.stan.kz сайтына өту керек.
Бес Huawei смартфоны диктантты ең үздік жазып шыққандардың арасында ойнатылады. Үздіктерге арнайы нөмір тағайындалып, кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жеңімпаздар іріктеледі.
Диктант туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауапты мына сілтемеден ала аласыз.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ