Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Болмановтар жанұясында кезекті қуаныш! Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы Бекболат 17 жасқа толды. Тұңғыштарының меншікті мерекесіне орай ата-анасы мейрамханада көңілді кеш ұйымдастырып, жастарға ақ дастархан жайды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Жастарға арналған туған күн кешіне Қыдырәлі мен Қарақаттың өзі де қатысты.

“Туған күн әр адамның жылына бір келетін жеке меншік мейрамы, мүмкіндігінше осы күнді жақындарыңмен шүйіркелесіп өткізгенге не жетсін. Кеше бір сондай есте қаларлықтай тамаша кеш болды. Қуанышымызды бөліскен барша жандарға алғысымызды білдіремін. Балаларымыздың тек бақытты жүзін көрсек екен деген тілегіміз бар”, – деп бөлісті Қарақат Әбілдина.

Бұдан өзге, әнші Қарақат ұлына деген ақжарма тілегін жеткізіп, желі оқырмандарының жүрегін елжіретті.

“Тұла бойым тұңғышым! Ұлым менің! Туған күніңмен! Сен арман қала Алматыда дәл осы уақытта дүниеге келген болатынсың. Далада жапалақтап әппақ қар жауып жатты.
Құшағыма алып, әкеңнен аумай қалған түріңді көргенде қуаныштан жылағаным есімде. Әкең сенің атыңды азан шақырып алаштың ардақты ұлы Тілеуxанов Бекеңнің құрметіне арнап, Бекболат қойды. Сен текті атаның ұрпағысың! Сен намысы биік, руxы мықты Қыдырәлі Болмановтың ізбасарысың! Сенің осал болуға еш xақың жоқ! Құлыным сол! Алла жүрегіңе иман, өзіңе сана берсін! Бағың басым болсын! Соңыңнан ерген бауырларыңа үлгі бола біл! Әр басқан қадамыңды саналы түрде жаса! Біз өзіңе үлкен сенім артамыз!” – деп ақ тілегін білдірді Қарақат.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова жаңадан құрған қыздар тобын елге таныстырды

Сіздің арқаңызда: Данэлия Төлешова Димаш Құдайбергенге алғыс айтты

Елімізге танымал «рэкетир» «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды (фото)

«Музарт life» тобының серісі Серікболсын Кішкенбаев пен актриса Динара Бақтыбаева шаңырақ көтерді (фото)

Талқылау