Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова жаңадан құрған қыздар тобын елге таныстырды

Жуырда ғана Мөлдір Әуелбекова кастинг жариялап, продюсерлікті қолға алғанын айтқан еді. Ол көп ұзамай ақылына көркі сай талантты қыздарды тапқанын жария етті. Алайда біраз уақыт бойы топқа ат таба алмай, әуре сарсаңға түскен Мөлдір күні кеше жаңа жобасын таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ал, таныс болыңыздар! Менің жобам “NAZAR” тобы! Ресми парақшамызға қосылып, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар! Сәттілік серігіміз болғай”, – деп бөлісті Мөлдір инста-парақшасында.

Тыңдармандар қыздардың көрікті де сымбатты екенін айтып, олардан мол үміт күтетіндерін айтып жатыр.

“Қыздарыңыз өзіңізге ұқсайды екен”, “Бірінен бірі өткен сұлу”, “Өзіңіз сияқты ибалы қыздар болады деп сенеміз, әйтпесе кей топтар қуып кетті”, – деп сенім білдірді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Сіздің арқаңызда: Данэлия Төлешова Димаш Құдайбергенге алғыс айтты

Мақпал Жүнісова: Тамара, менің гүліммен тезірек суретке түсіп ал

Димаш Құдайберген жас әнші Данэлия Төлешова туралы ойын ашық айтты

Нури мен Гули: Қайрат Нұртастың ата-анасы үнді әнін қазақша орындап шықты (фото, видео)

Талқылау