Күйеужігіт тойдың алдында алты стриптиз бишісімен қалыңдығының көзіне шөп салған
Адал емес партнерді кәсіби түрде анықтайтын британдық әйел өз күйеужігітінің көзіне шөп салғанын тойдың алдында біліп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Тиффани Райт
Үш жыл бұрын Чиппинг-Нортон қаласы, Окфордшир графствосында тұратын 36 жастағы Тиффани Райт (Tiffany Wright) болашақ ерлі-зайыптылардың адалдығын тексеруге көмектесетін компания ашқан. Қалыңдықтардың өтініші бойынша күйеужігіттерге ер адамдардың ортасында ғана болатын кеш ұйымдастырып, артынан аңдып отырған.
Клиентінің тапсырысымен Лондон орталығындағы стрипклубтардың біріне кіріп, бойдақ өмірінің соңғы күнін тойлап жатқан күйеужігітті көруге келеді.
Райт алты стиптиз бишілерін алып, жеке бөлмеге кеткен күйеужігітті байқап қалады. Жыныстық қатынасқа түскенін көңіл көтеріп жүрген достарының өз аузынан естиді.
"Келесі күні барлығын қалыңдыққа айтып бердім. Ол тойдан бас тартты", - дейді Райт.
Тағы оқыңыз
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ