Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіме тиесілі". Гүлнәз Жоланова сүйіктісінің қымбат көлігімен мақтанды

Жақында сырғалым атанған актриса Гүлнәз Жоланова әлеуметтік желіде күйеуінің су жаңа темір тұлпарын көрсетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

© instagram.com/zholanova_gulnaz

Актриса автосервистегі көліктің өзіне емес, күйеуіне тиесілі екенін айтты.

“Бұл автокөлік менікі емес, күйеуімдікі. Ол той күні өзіне осындай сыйлық жасады. Күйеуімнің таңдауы осы үлкен көлікке түсті. Бұл енді біздің отбасылық көлік. Мен рөлге отырмаймын, бұл автокөлікте мен жолаушының орнындамын. Болашақта үлкен көлікті тізгіндеуім әбден мүмкін” , – дейді Гүлнәз. 

Сондай-ақ өнер иесі той көйлегімен көйлегімен түскен суретін жариялап, оқырмандарын таңдай қақтырды.

“Махабатта, махббаттан, махаббат үшін”, – деген жазба қалдырды актриса.

Желі қолданушылары қалыңдық образындағы Гүлнәзға бақыт тілеп, қошемет сөздерін жаудырды.

“Бақытты болсын сұлу қыз, әбден лайықсың”, “Бағың ашылсын”, “Неткен сұлулық”, “Сен махаббаттың өзісің”, “Ең нәзік, сұлу қалыңдық”, 

“Сондай өзгешесің”, “Бақытты болыңыздар”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

 

Талқылау